È

Апта тұсаукесері: Наурыз кино шеруі

 22 наурыздан бастап апта тұсаукесері

Көктемнің жарқын мерекелерінің бірі – Наурыз келді. Қазақстандықтар мерекелік концерттер мен қонаққа баруды ғана емес, сондай-ақ, қызықты фильмдерді де асыға күтеді. Отандық айналымға ұлттық мерекені ұлықтайтын «Қалай да той жасау» және «Тіркеуші» комедиялары шықты. Кинодағы қадамның сәнін «Питер қоян» және фантастикалық атыс-шабыс «Тынық мұхиты шекарасы 2» келтіре түседі.

«Тіркеуші»

Қазақстандағы көрсетілімі: 20.03.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Мейірхан Шерниязов

Рөлдерде: Мейірхан Шерниязов, Медет Аманбаев, Мейіржан Түребаев, Әбунасыр Серіков

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Ержан өз көлігін қатты жақсы көретін кәсіпкердің жүргізушісі болып орналасты. Жұмысы аяқталған соң Ержан көлікті тұраққа қою туралы тапсырма алады. Ол жол-жөнекей достарымен кездеседі. Бірақ, әр минут сайын кейіпкердің тұраққа жете алмайтыны айқындала түседі.

«Қалай да той жасау»

Қазақстандағы көрсетілімі: 21.03.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Қанағат Мұстафин, Айдын Сахаман

Рөлдерде: Шәріп Серік, Айым Сейтметова, Жан Байжанбаев, Азат Сейтметов, Данагүл Темірсұлтанова

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Оқиға Наурыз мерекесінің қарсаңында өтеді. Телеарна режиссерінің көмекшісі Мақсат туған қарындасының ұзату тойына қажет қаржыны жоғалтып алады. Тығырықтан шығу үшін Мақсат отбасылық мерекені телестудияда өткізуге шешім қабылдайды.

«Питер қоян»

Қазақстандағы көрсетілімі: 22.03.2018

Мемлекеті: Аустралия, Ұлыбритания, АҚШ, 2018

Режиссері:Уилл Глак

Рөлдерде: Джеймс Корден, Файсаль Баззи, Донал Глисон

Жанры: мультфильм, комедия

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Бұл фильм жеңілтек Питер қоянның шытырмандары жайлы. Оның ең сүйікті ісі – дәмді сәбізге тоятын жергілікті бақташының бақшасына бару.

«Ғасыр жарысы»

Қазақстандағы көрсетілімі: 22.03.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2018

Режиссері: Джеймс Марш

Рөлдерде: Рэйчел Вайс, Колин Фёрт, Дэвтд Тьюлис, Кен Стотт

Жанры: драма, өмірбаяндық

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Sunday Times газеті әуесқой теңізде жүрзушілердің арасында байқау жариялайды. Белгіленген уақыт ішінде жер шарын айнала саяхат жасаған адам жеңіске жетіп, үлкен жүлденің иегері атанады. Жарысқа қулықсыз жеңіске жете алмайтынын жақсы білетін Дональд Кроухерст те қатысады.

«Сен мұнда ешқашан болған жоқсың!»

Қазақстандағы көрсетілімі: 22.03.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, Франция, АҚШ, 2018

Режиссері:Линн Рэмси

Рөлдерде: Хоакин Феникс, Данте Перейра-Олсон, Винисиус Дамассено

Жанры: триллер, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сенатордың қызы өзін, тіпті, полиция да құтқара алмайтын тұзаққа түсіп қалады. Ата-анасы нағыз аңшы Джодан көмек сұрайды. Жалғыз қаһарман бар күшімен Нинаны құтқаруға тырысады.

 

«Жабайы ата-бабалар»

Қазақстандағы көрсетілімі: 22.03.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, Франция, 2018

Режиссері: Ник Парк

Рөлдерде: Том Хиддлстон, Эдди Редмэйн, Мэйси Уильямс, Тимоти Сполл

Жанры: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі: жоқ

Мультфильм кейіпкері – өмірлеріне тәртіп орнататын тас дәуірінің тұрғындары. Бірақ, қоланың келуімен жаңа дәуір орнайды. Ескі дәуір өкілдерінде күрделі мәселелер туындайды.

 

«Тынық мұхиты шекарасы 2»

Қазақстандағы көрсетілімі: 22.03.2018

Мемлекеті: Қытай, АҚШ, 2018

Режиссері: Стивен С. ДеНайт

Рөлдерде: Джон Бойега, Скотт Иствуд, Кэйли Спэни

Жанры: фантастика, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Өзге ғаламшарлық құбыжықтармен соғыс жалғасуда. Адамзатты құтқару үшін күреске батыл балалардың жаңа буыны қатысады. Жердің жас қорғаушылары қарқыны қатты жауды еңсере ала ма?

«Бейтаныстар: Қатал ойындар»

Қазақстандағы көрсетілімі: 22.03.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Йоханнес Робертс

Рөлдерде: Кристина Хендрикс, Бэйли Мэдисон, Эмма Белломи

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Отбасылық жұп балаларымен бірге туыстарына қонаққа барады. Діттеген жеріне жеткен олар көлік лагерінде ешкімнің қалмағанын көреді. Отбасы бұл жерде таңға дейін қалмақ ниетте. Көп ұзамай олар қатал ойынның құрбанына айналады.

«Туған күн!»

Қазақстандағы көрсетілімі: 22.03.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Роман Каримов

Рөлдерде: Эльдар Калимулин, Данила Чванов, Алина Титова

Жанры: комедия

Жас шектеу: 12 жасқа дейін

Досының қызықты туған күнінен кейін Антон бөтен қыздың пәтерінде оянады. Жігіттің есінде ешнәрсе жоқ, дегенмен оның әрекеттері ғаламтордан бір-ақ шығады. Антон бұл жазбаларды сүйіктісінен жасыру үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер