È

Аптадағы тұсаукесерлер: Әпенділер тобы

4 мамырдан басталған апта тұсаукесерлері

Көрермендерге мамыр айының басында ғарыш шайқасы туралы әсерлі «Галактика Сақшылары. 2-бөлім» фильмі, ақыл ойындары туралы «Уақыт матрицасы» детективі және бір әйелдің оқиғасы жайлы «Махаббат пен құштарлық. Далида» өмірбаян туындысы көрсетіледі.

«Галактика Сақшылары. 2-бөлім»

Қазақстандағы тұсаукесер: 04.05.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Джеймс Ганн

Рөлдерде: Дэйв Батиста, Крис Пратт, Элизабет Дебики, Зои Салдана

Жанры: шытырман оқиға, комедия, фантастика

Жас шектеуі: 16 жас

Жұлдызды Лорд Питера Квиллдің тобы өзінің ғарыштық сапарын жалғастырады. Галактиканы құтқарып қалған сәтті өткен бірнеше тәсілден кейін кейіпкерлер басты құпияны ашуға, яғни Питер Квиллдің шын әкесінің кім екендігін біліп, соны табуға кіріседі. Көрермендер қайтадан ғарыштың тылсым әлеміне еніп, әзілді әрі қызықты оқиғалардың куәсі болады.

 

«Сфера»

Қазақстандағы тұсаукесер: 04.05.2017

Мемлекеті: БАӘ, АҚШ, 2017

Режиссері: Джеймс Понсольдт

Рөлдерде: Эмма Уотсон, Карен Гиллан, Том Хэнкс, Джон Бойега

Жанры: фантастика

Жас шектеуі: 13 жасқа дейін

Мэй ірі ғаламтор-компанияларының бірі «Сфераға» жұмысқа орналасады. Компанияның негізін қалаушы Эймон Бэйли жаңа қызметкерінің жұмысын бақылай жүріп, оның белсенділігін байқайды да, жаңа тәжірибеге атсалысуға шақырады. Мэй қуана келісім береді де, артынша мекеменің сұмдық құпиясын біліп қояды. Бойжеткенге табандылық танытуға тура келеді, өйткені миллиондаған адамның өміріне жауап беруі керек.

 

«Махаббат пен құштарлық. Далида»

Қазақстандағы тұсаукесер: 04.05.2017

Мемлекеті: Франция, 2016

Режиссері: Лиза Азуэлос

Рөлдерде: Свева Алтиви, Венсан Перес, Жан-Поль Рув

Жанры: өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильм француз эстрадасы мен киносының жұлдызы, көпшілікке Далида лақап атымен танымал Иоланда Джильоттиге арналған. Картинада ақша да, атақ та құтқара алмаған әншінің тағдыры мен шығармашылығы баяндалады. Оның өмір бойы армандаған жылғыз нәрсесі - сүю және сүйікті болу.

 

«Уақыт матрицасы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 04.05.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Ри Руссо-Янг

Рөлдерде: Холстон Сейдж, Зои Дойч, Синти У, Елена Кампурис

Жанры: драма, триллер, детектив

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Егер сіз бір күнді қайта-қайта сүретін болсаңыз не істер едіңіз? Осы сұраққа фильм кейіпкері Саманта тап болды. Сұмдық апаттан соң бойжеткен соңғы күнін қайта-қайта көретін болған. Ол қай жерде ағаттық жібергенін түсіну керек. Саманта бұл тығырықтан тек өмірінің мәнін ұғынып, қатесін түзегеннен кейін ғана шыға алады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса