Аптадағы тұсаукесерлер: «Хайп» толқынында

Алдағы апта таңдауға толы болмақ: көрермендерді бір сағаттың ішінде жолы болмайтын қызға айналған сұлудың хикаясы, әлі де «мысық пен тышқан» ойынын ойнайтын еркектер және тастанды психиатриялық емхананың сұмдық елестері күтеді. Айналым жаңалықтарымен жақынырақ танысып, осы демалыста көретін фильмдерді таңдауды ұсынамыз.

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.06.2018
Мемлекеті: Қазақстан, 2018
Режиссері: Арыстан Каунев
Рөлдерде: Анар Батырхан, Қуат Садықов, Айым Сейтметова, Шәріп Серік, Әбунасыр Серіков
Жанры: комедия
Жас шектеуі: 13 жасқа дейін
Айнұр – Инстаграмда танымалдылыққа ие қыздардың бірі. Оның миллиондаған оқырманы, ірі сомадағы жарнамалық келісім-шарттары мен адал жігіті бар. Бірақ, бойжеткеннің әдеттегі өмірі бір сағаттың ішінде құрдымға кетеді: оның парақшасын біреулер бұзып алады. Айнұр бұл кімнің ісі екенін білуге тырысады.
«Кітап клубы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.06.2018
Мемлекеті: АҚШ, 2018
Режиссері: Билл Холдермэн
Рөлдерде: Дайан Китон, Джейн Фонда, Кэндис Берген, Мэри Стинберген, Энди Гарсиа
Жанры: драма, комедия
Жас шектеуі: 16 жасқа дейін
Төрт егде әйел бос уақыттарында әдеби кітаптарды оқып, талқылаумен айналысады. «Сұрдың елу реңкі» кітабының танымалдылығын естіген кейіпкерлер соны оқып көруді ұйғарады. Бестселлермен танысқан оқымыстылардың өмірі өзгере бастайды.

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.06.2018
Мемлекеттері: АҚШ, Италия, 2018
Режиссері: Стефано Соллима
Рөлдерде: Бенесио Дель Торо, Джош Бролин, Изабела Монер, Джеффри Донован
Жанры: атыс-шабыс, триллер
Жас шектеуі: 18 жасқа дейін
Есірткі саудасымен айналысатындар беделін кеңейтіп, лаңкестерді АҚШ аумағына жібереді. Қауіпті топпен күреске ФТБ-ның үздік агенті Мэтт Грейвер шығады. Бірақ, оған өзінің епсіздігімен танымал Алехандро серіктес болады.

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.06.2018
Мемлекеттері: Испания, Аргентина, Уругвай, 2018
Режиссері: Густаво Эрнандес
Рөлдерде: Белен Руэда, Эва Кватрокки, Наталия де Молина, Герман Палашиос
Жанры: қорқынышты фильм, триллер
Жас шектеуі: 16 жасқа дейін
Театр труппасы бір психиатриялық емхананың емделушісінің жазғаны бойынша пьеса қойғысы келеді. Олар рөлге ену үшін емханаға барауды ұйғарады. Уақыт өте келе, пьеса кейіпкерімен болған сұмдық оқиғалар шынайы өмірде аткерлардың басынан өтеді. Балалардың одан шығар жалғыз жолы – көз ілмеу.

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.06.2018
Мемлекеті: АҚШ, 2018
Режиссері: Джефф Томсич
Рөлдерде: Эд Хелмс, Лил Релл, Джон Хэмм, Аннабелль Уоллис, Джейк Джонсон
Жанры: комедия
Жас шектеуі: 18 жасқа дейін
30 жыл бойы бес дос «мысық пен тышқан» ойынын ойнап келеді. Биылғы ойын жеңілмеген жалғыз достың үйлену тойымен қатар келеді. Төрттік сол жігіттің жеңілуі үшін барын салады. Бірақ, үздік ойыншы қашан да жақсы нәтиже көрсетеді.
«Көрінбейтін»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.06.2018
Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ, 2018
Режиссері: Энтони Бирн
Рөлдерде: Эмили Ратаковски, Натали Дормер, Эд Скрейн, Джеймс Космо
Жанры: триллер
Жас шектеуі: 16 жасқа дейін
София қауіпті қылмыскердің қызының өліміне жалғыз куәгер. Арнайы қызмет те, мафия да оның қылмысқа қатысы барын анықтай алмайды, себебі бойжеткен соқыр. Алайда, Софияның көп білетінін ешкім де сезбейді.

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.06.2018
Мемлекеті: АҚШ, 2018
Режиссері: Бальтасар Кормакур
Рөлдерде: Шейлин Вудли, Сэм Клафлин, Грэйс Палмер, Джеффри Томас
Жанры: триллер, драма
Жас шектеуі: 16 жасқа дейін
Олар Таитиде кездесіп, яхтамен тура Калифорнияға аттануды жөн санайды. Махаббатқа мас болғандар шексіз мұхитпен мыңдаған километрді жүріп өтеді. Бірақ, қатты дауыл тұрған кезде, сабырлы саяхаттары тозаққа айналады. Кейіпкерлерді махаббат пен бір-біріне деген сенім ғана құтқара алады.

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.06.2018
Мемлекеттері: Ұлыбритания, Мексика, АҚШ, 2018
Режиссері: Андрес Кутерье
Рөлдерде: Лили Коллинз, Тоби Кеббелл, Иэн МакШейн
Жанры: мультфильм, шытырман
Жас шектеуі: 6 жасқа дейін
Терри кішкентайынан апасының Игрувия мемлекеті мен оның тұрғындары жайлы әңгімесін тыңдап өті. Алайда, баланың өзі сол ғажайып жерге тап болмағанша, оның барына сенбеген еді. Игрувияға келген Терри Лучик ханшайыммен танысады, екеуі жауыз сиқыршы Грамппен шайқасқа түседі.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін