È

Аптадағы тұсаукесерлер: Олар ешкімге ұқсамайды

24 тамыздан басталған аптадағы тұсаукесерлер

Бұл аптада Q-pop бағытындағы Ninety one тобының жанкүйерлері танымал квинтет туралы өмірбаяндық таспасының көрсетілімін тамашалай алады. Одан басқа, көрермендер «Көңілді балақай» атыс-шабыс фильміндегі бас айналдырар жарыстарды, ал қорқынышты фильмдері жақсы көретіндер «Ол түнде келеді» атты жаңа хоррорды көре алады.


«Ninety one»

Қазақстандағы тұсаукесер: 24.08.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Асқар Ұзабаев

Рөлдерде: Азамат Зенкаев, Дулат Мұхаметқалиев, Данияр Құлымшин, Азамат Ашмақын, Батырхан Мәліков

Жанры: музыка, мелодрама

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Кинотаспа танымал бойз-бэнде «Ninety one» туралы баяндайды. Мелодрама жігіттердің музыкалық шыңға қалай жеткендерін, қандай қиындықтардан өткенін айтып береді. Негізі, шығармашылықта да өмірдегі секілді соңына дейін күресе білу қажет.

 

 

«Көңілді балақай»

Қазақстандағы тұсаукесер: 24.08.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Эдгар Райт

Рөлдерде: Энсел Элгорт, Джон Бернтал, Джон Хэмм, Эйса Гонсалес, Мика Ховард, Лили Джеймс, Морган Браун, Кевин Спейси, Морс Диггз, С.Дж. Джонс

Жанры: атыс-шабыс фильмі, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Балақай есімді қызуқанды жігіт музыкасыз, керемет көліктерсіз өмір сүре алмайды. Жас бозбала Док атты қылмыс белсендісіне жұмыс істейді. Кейіпкердің басты табысы осы. Балақай Дебора есімді даяшы қызға ғашық болады да, ойынна шығуға бекінеді. Өткенімен қош айтысу үшін жігіт соңғы рет қиын бір тапсырманы орындауы тиіс. Ол мойнына алған жүкті арта ала ма?

 

 

«Қызғалдақтар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 24.08.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, АҚШ, 2017

Режиссері: Джастин Чадвик

Рөлдерде: Алисия Викандер, Кара Делевинь, Джуди Денч, Кристоф Вальц, Зак Галифианакис, Дэйн ДеХаан, Холлидей Грейнджер, Джек О’Коннелл, Дэвид Хэрвуд, Кевин МакКидд

Жанры: драма, мелодрама

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Картинадағы оқиға XVII ғасырда Голландияда қызғалдақтар өршіп тұрған кезде болған. София есімді жас бойжеткен бай әрі егде тартқан Корнелиусқа тұрмысқа шығуға мәжбүр болады. Шал жас әйелінің сұлулығын қағаз бетіне түсіргісі келіп, үйіне жас суретші Жанды шақырады. Осыдан бастап, жастар арасында сезім пайда болады. Олар махаббаттары үшін барлығына да дайын еді.

 

 

«Ол түнде келеді»

Қазақстандағы тұсаукесер: 24.08.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Трей Эдвард Шульц

Рөлдерде: Джоэл Эдгертон, Кристофер Эбботт, Кармен Эджого, Райли Кио, Келвин Харрисон, Griffin Robert Faulkner, Дэвид Пендлтон, Mikey, Чейз Джолиет, Мик О’Рурк

Жанры: қорқынышты фильм, детектив

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Оба ауруы қалыпты әлемді құртып бітті. Ауру адамның бойына еніп, оны сұмдық құбыжыққа айналдырады. Әкесі отбасын обадан құтқару үшін ормандағы тастанды үйге жасырады. Кенеттен жолда танымайтын адамдар жолығады. Кейіпкерлер белгісіз біреулерден қашуға тырысады.

 

 

«Шынайы тиін 2»

Қазақстандағы тұсаукесер: 24.08.2017

Мемлекеті: Канада, АҚШ, Оңтүстік Корея, 2017

Режиссері: Кэллан Брукнер

Рөлдерде: Уилл Арнетт, Кэтрин Хайгл, Майя Рудольф, Джеки Чан, Изабела Монер, Петер Стормаре, Бобби Каннавале, Том Кенни, Кари Уолгрен, Бобби Мойнахан

Жанры: мультфильм, комедия

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

«Шынайы тиін 2» - Злюк есімді шынайы тиін мен оның достары: Бадди тышқан, Энди тиін және Зайка мопсы туралы хикая. Бұл жолы кейіпкерлерге қала басшысы тарапынан қауіп төніп тұр. Олар қалалық саябақты құртып, орнына аттракцион жасауды ұйғарады. Жануарлар қалалық билікке төтеп беру үшін бірігеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер