È

Аптадағы тұсаукесерлер: Түнгі жарыс

16 тамыздан басталған апта тұсаукесерлері

16 тамыздан бастап кинотеатрлардан қазақстандық «Түнекте» қорқынышты фильмі көрсетіле бастайды. Картина сюжеті әзәзілдің тұзағына түсіп қалған студенттер тобы жайлы баяндайды. Киномандарды Мэрил Стрип пен Аманда Сайфредтің қатысуымен «Мамма MIA! 2» әйгілі мюзиклінің жалғасы және Дэниэл Редклиффтің қатысуымен «Қауіпті тапсырма» атыс-шабыс фильмі қызықтыра түспек. Ал жас көрермендерге «Кішкентай үлкен батыр» мультфильмінде маймыл Саннидің шытырманға толы хикаялары ұнауы тиіс.

 

«Түнекте»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.09.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Данияр Ақшабаев

Рөлдерде: Алмас Жарасқан, Данияр Бейсов, Пархат Жалилов, Максим Богомолов, Рысқұл Қонақбаев, Арыстан Шәріпов

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Бозбала қала сыртында орналасқан қарғыс атқан жер жайлы жұмбақ хабарлама алады. Хатқа қызығушылық танытқан кейіпкер достарымен бірге көрсетілген мекен-жайға аттанады. Алайда, көрсетілген жерге келген балалар тұзаққа түскендерін байқайды. Адам емес бір тылсым дүние олардың өлімін қалайтындай...

 

«Қауіпті тапсырма»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.09.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Йеспер Гансландт

Рөлдерде: Дэниэл Редклифф, Грэйс Гаммер, Пабло Шрайбер, Роберт Уиздом, Сезар Перес

Жанры: атыс-шабыс фильмі, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Шон Хаггерти ұшқыш болып жұмыс істейді. Бірақ, ер азаматтың тыныш әрі қалыпты өмірі бір-ақ сәтте бұзылуы мүмкін. Әйелін құтқарып қалу үшін Шон Есірткімен күрес басқармасы агенттерінің назарына түспей, заңсыз жүкті тасымалдауы керек. Бұл істі бір сағаттың ішінде жасауы қажет.

 

«Мамма MIA! 2»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.09.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ, 2018

Режиссері: Ол Паркер

Рөлдерде: Аманда Сайфред, Энди Гарсиа, Селия Имри, Лили Джеймс, Алекса Дейвис

Жанры: мюзикл, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильмдегі оқиға Софидің үйлену тойынан кейін бес жылдан соң өрбиді. Бойжеткен анасы Донна қайтыс болған соң, отбасылық тавернаның жұмысын жандандыру үшін Калокаириге қайта оралады. Ол аралда жүріп, аяғы ауыр екенін біледі. Софи көптеген жылдар бойы Доннаның басынан өткен күдікті сезінеді.

 

«Таудағы от»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.09.2018

Мемлекеттері: Ресей, Испания, АҚШ, 2018

Режиссері: Томас Данн

Рөлдерде: Эрика Дашер, Эмма Дюмон, Кайл Джонс, Иванна Сахно, Джин Фарбер, Коста Ронин

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Американдық студенттер тобы жұмбақ жағдайда қайтыс болған курстастары Каринаны жерлеуге алтайлық бір ауылға келеді. Студенттерді бойжеткеннің ағасы, жергілікті бақсы қарсы алады. Ол Каринаның рухын босату үшін бір рәсімді өткізеді. Алайда, бір нәрсе дұрыс болмай, жігіттер осы әлемге зұлым рух Курюмді шығарып алады.

 

«Аксель»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.09.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Оливер Дэйли

Рөлдерде: Томас Джейн, Бекки Джи, Тед МакГинли, Алекс Нюстадтер, Эрик Этебари

Жанры: қиял-ғажайып, шытырман

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Майлз кездейсоқ әскери өнім – металл төбет Аксельді тауып алады. Жаңа заманның жасанды интеллектіне ие құрылғы Майлздың сенімді серігіне айналады. Алайда, өндірушілердің ғажап өнімі металл жануардан әскерилер бас тартқысы келмейді. Кейіпкерлер достық пен тәуелсіздік үшін күреседі.

 

«Кішкентай үлкен батыр»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.09.2018

Мемлекеттері: Қытай, АҚШ, 2018

Режиссерлері: Феликс Ип, Пол Ван

Рөлдерде: Нил Баксфилд, Джон Аава, Тристан Келзай

Жанры: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Кішкентай маймыл Санни әрдайым қалада тұруды армандады. Бірақ, өкінішке қарай, күнін кішігірім зообақта өткізуге мәжбүр. Бұл Санни Нью-Йоркке тап болмағанша жалғаса берді. Жаңа әлемде маймыл достарын ғана тауып қоймай, Әзәзілдер патшасына қарсы шығады.

 

«Жоғалған бейне: Ашынаның тәубесі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.09.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Елена Жигаева

Рөлдерде: Анна Чурина, Саша Летта, Владимир Топцов, Ольга Лапшина

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Оқиға кейіпкері – астанаға келген ауылдық қыз. Оның үлкен қаланы бағындырсам деген үміті күннен-күнге сөне бастайды. Нәтижесінде, ол біреудің «ашынасына» айналады. Үзілген үміт, қадірінің қашқаны және намысының тапталғаны – осының барлығы оның жекелеген өмірін бір арнаға бағыттауына әсер етеді.

 

«Тірі қалғандар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.09.2018

Мемлекеті: Франция, 2017

Режиссері: Матьё Тури

Рөлдерде: Бриттани Эшворт, Грегори Фетусси, Хавьер Ботет, Джей Бенедикт

Жанры: қорқынышты фильм, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ақырзаманнан кейін жасырынып үлгергендер Жерде қалады, олар – Тірі қалғандар. Олардың қандай жаратылыс екені білгісіз, бірақ олар үшін адам олжа болып табылады. Лагерьге тамақ табу үшін Джульет көрші қалашыққа барады. Бірақ, жолда бойжеткен жол апатына түседі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист