È

Апта тұсаукесері: Жаңа деңгей

Апта тұсаукесері: Жаңа деңгей

Осы аптаның хиті бұл сөзсіз «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» блокбастері. Блокбастер Marvel-дің үшінші кезеңін қорытындылайды. Шытырманның суперкейіпкерлеріне қызықпайтындар үшін Константин Хабенскийдің «Собибор» және «Иттер аралы», сондай-ақ, «Қаз әке-шеше» мультфильмі көрсетілмек.

 

«Кек алушылар: Мәңгілік соғыс»

Қазақстандағы көрсетілімі: 3.05.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Энтони және Джо Руссолар

Рөлдерде: кіші Роберт Дауни, Крис Хемсворт, Марк Руффало, Крис Эванс, Скарлетт Йоханссон, Бенедикт Камбербэтч

Жанры: фантастика, атыс-шабыс фильмі, шытырман

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Жер бетінде жаңа қауіп туындайды, бұл –Танос. Өзгеғаламшарлық жауыз алты Мәңгілік Тасты жинап, жойқын күшке ие болмақшы. Кек алушылар және оның одақтастары оңай жеңіле қоймайтын зұлымға қарсы тұруға бірігеді.

 

«Иттер аралы»

Қазақстандағы көрсетілімі: 3.05.2018

Мемлекеті: АҚШ, Германия, 2018

Режиссері: Уэс Андерсон

Рөлдерде: Брайан Крэнстон, Кою Ранкин, Эдвард Нортон, Боб Бэлабан, Билл Мюррей, Акира Такаяма

Жанры: мультфильм, фантастика

Жас шектеуі: 13 жасқа дейін

Мегасаки қаласының басшысы иттердің барлығын қоқысқа айналған аралға апарып тастауға шешім қабылдайды. 12-жасар Атари өзінің итін қайтару мақсатында соңынан еріп барады. Бала мен оның итін жаңа танысулар мен қаладағы билікті өзгерту мүмкіндігі күтіп тұр.

 

«Собибор»

Қазақстандағы көрсетілімі: 3.05.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Константин Хабенский

Рөлдерде: Константин Хабенский, Кристофер Ламберт, Фелисе Янкелль, Дайнюс Казлаускас, Сергей Годин

Жанры: драма, әскери фильм

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Оқиға 1943 жылғы Польшаның аумағында орналасқан Сорибор ұлтшылдар лагерінің айналасында өрбиді. Лагерьге кеңестік әскер лейтенанты Александр Печерский түседі. Ол үш аптаның ішінде өлім лагеріне қарсы тұратын тарихтағы жалғыз сәтті аяқталған көтерілісті ұйымдастырады.

 

«Қаз әке-шеше»

Қазақстандағы көрсетілімі: 1.05.2018

Мемлекеті: Қытай, АҚШ, 2018

Режиссері: Крис Дженкинс

Рөлдерде: Джим Гэффиган, Лэнс Лим, Грег Прупс, Регги Уоттс, Карл Райнер, Стивен Фрай

Жанры: мультфильм, комедия

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Пэм – қанатын жаралап, қатарынан қалып қойған жолы болмаған қаз. Ол көп ойланбастан жаяу жүруге шешім қабылдайды. Пэм жол жөнекей екі үйректі кездестіріп, жаншып тастай жаздайды. Олардың алдындағы кінәсін білген кейіпкер өзінің саяхатын балапандармен бірге жалғастырады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер