È

Апта тұсаукесерлері: Ұмтылыс №9

1 қыркүйектен бастап апта тұсаукесерлері

Жаңа оқу жылы басталатын уақыт та жақын, демек, оқушыларға киноға баратын уақыт жоқ. Алайда осы аптада аздап болса да еркінсіп, күш жинақтап алу үшін демалыс күндері попкорн жеп, көптен күткен фильмдерге барып қайтуға болады.

«Очень плохие мамочки»

Қазақстандық тұсаукесер: 01.09.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссерлері: Джон Лукас, Скотт Мур

Рөлдерде: Мила Кунис, Кэтрин Хан, Кристен Белл, Кристина Эпплгейт, Джада Пинкетт Смит, Энни Мумоло, Уна Лоуренс, Эмджей Энтони, Дэвид Уолтон, Кларк Дьюк

Жанр: комедия

Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Үйдегі тірліктерді атқарып, ері мен балаларының көңілін таба білетін әйелдер демалуға уақыт таппайды. енді аздап өзіне көңіл бөліп, еркінсиін десе, оның міндеттерін еске салып отыратын адам табылады. Ал еркектерге көңіл көтеруге қашан да ерік берілген. Әбден күйбең тіршіліктен шаршаған мамалар көңіл көтерудің не екенін көрсетпек.

«Девятая жизнь Луи Дракса»

Қазақстандық тұсаукесер: 01.09.2016

Елі: Ұлыбритания, Канада, АҚШ, 2016

Рөлдерде: Александр Ажа

Актерлер: Джейми Дорнан, Сара Гадон, Аарон Пол, Эйден Лонгуорт, Молли Паркер, Барбара Херши, Фиона Врум, Оливер Платт, Анджали Джай, Терри Чен

Жанр: триллер, детектив

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Аллан Паскаль - белгілі психолог, ол Луи Дракс есімді 9 жасар балаға көмектескісі келеді. Құпия оқыс жағдайдан кейін бала комаға түсіп қалған. Психолог болған жағдайға бланың әкесі кінәлі деп санайды. Алайдак кікентай Луидың санасына терең бойлаған сайын Алланға жағдайды түсіну қиынға соғады.

«Всё о мужчинах»

Қазақстандық тұсаукесер: 01.09.2016

Елі: Ресей, 2016

Режиссерлері: Михаил Жерневский, Леонид Марголин

Рөлдерде: Дмитрий Нагиев, Анна Хилькевич, Игорь Верник, Сергей Белоголовцев, Грант Тохатян, Владимир Епифанцев, Екатерина Скулкина, Елена Борщева, Виктор Степанян, Ян Цапник

Жанр: комедия

Жасына қарай шектеу: 12жасқа дейін

Фильмдегі оқиға еркектердің әртүрлі болатындығы жайлы. біріншіден, олар өте күшті, батыл, тіпті күлкілі. Оларға кейде қиын жағдайлардан шығып, нағыз ерлерге тән әрекет жасауына тура келетіндігін әйелдер тқөауымы ұмытып кетеді. Сондықтан әйелдерге өз еркектерін не үшін жақсы көретіндерін естеріне салып қойған жөн.

«Девять жизней»

Қазақстандық тұсаукесер: 01.09.2016

Елі: Франция, Қытай, 2016

Режиссер: Барри Зонненфельд

Рөлдерде: Кевин Спейси, Дженнифер Гарнер, Робби Амелл, Шерил Хайнс, Марк Консуэлос, Малина Вайсман, Кристофер Уокен, Талита Бейтман, Тедди Сирс, Джей Пэттерсон

Жанр: фэнтези, комедия, отбасылық

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Миллиардер-еңбекқор Том Бренд қызының туған күніне сыйлық алу үшін зоодүкенге барады. Том жануарларды өзі ұнатпаса да, отбасын қуанышқа кенелту үшін мысық сатып алуына тура келеді, өйткені көп жұмыс істеймін деп отбасына тиісті көңіл бөле алмайды. Үйіне бара жатқан жолда миллиардер жол апатына ұшырайды, есін жиғанда ол өзінің мысық кейпінде екенін біледі. Енді Том өз кейпіне қайта келу үшін жақындарының махаббатын қайтаруы тиіс. Не істеу керек, бүкіл отбасының алдында ол – Жұмсақ шалбарлы мистер.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер