Ата тұсаукесерлері: Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас
Мереке қарсаңында барлығы қарбаласқа түседі, тіпті осы аптадағы тұсаукесерлік фильмдер де. Егер «Пассажиры» фильмі арқылы көрермендер ғарышқа аттанса, ал «Ёлки 5»комедиясынан бұрынғы қарапайым кейіпкерлерді естеріне түсіріп, мәз болып қалады. Кинотеатрлардың кішкентай қонақтары үш батыр жайлы жаңа оқиғаға - «Три богатыря и Морской царь» мультфильміне назар аудара алады. Егер кино көруге уақыт таба алсаңыз, онда фильмдердің кестесін кинотеатрлар афишасынан көріңіз.

Қазақстандық тұсаукесер: 22.12.2016
Елі: АҚШ, 2016
Режиссер: Мортен Тильдум
Рөлдерде: Дженнифер Лоуренс, Крис Пратт, Майкл Шин, Энди Гарсиа, Лоренс Фишбёрн, Джейми Соричелли, Кимберли Баттиста, Фред Меламед, Аврора Перрино, Шелби Тейлор Маллинс
Жанр: фантастика, драма, мелодрама, шытырман оқиға
Жасына қарай шекету: 14 жасқа дейін
Ғарыш кемесінде жүйенің істен шығуына байланысты ұйықтап жатқан екі жолаушы оянып кетеді. Олардан басқа тағы 5000 адам бар, олардың бәрі кеме басқа ғаламшарға жеткенге дейін жасанды ұйқыға кеткен. Бірақ белгіленген нүктеге жеткенге дейін әлі 90 жыл бар, ал оянып кеткен екі адамның қайта ұйықтауға мүмкіндігі жоқ. Джим мен Аврора өмірлерін осы ғарыш кеммесінде өткізуге мәжбүр. Бірақ оларға тек өздерін ғана емес, жақындап келе жатқан қауіптен басқаларды да құтқару керек.
Қазақстандық тұсаукесер: 22.12.2016
Елі: Ресей, 2016
Режиссерлер: Тимур Бекмамбетов, Александр Котт, Вадим Перельман
Рөлдерде: Иван Ургант, Сергей Светлаков, Гоша Куценко, Мария Шукшина, Александр Головин, Анна Хилькевич, Александр Домогаров мл., Кирилл Плетнёв, Александр Робак, Анастасия Сметанина
Жанр:отбасылық, комедия
Жасына қрай шектеу: 12 жасқа дейін
Сүйікті «Ёлки» қайта оралады. Кейіпкерлер есейген, ақыт тоқтатқан, ал енді біреулері керісінше, шытырман оқиғаны қалап тұрады. Сноубордист пен шаңғшы өздеріне қыздар тапты, бірақ енді олардың бар ойын компьютерлік ойындар жаулап алды. Баба Маня өзінің алғашқы махаббатын әлеуметтік желіден іздемек болады. осы жаңа жыл есте қаларлық новеллалар кейіпкерлеріне қандай сыйлық әкелмек?
«Ура! Каникулы!»

Қазақстандық тұсаукесер: 22.12.2016
Елі: Ресей, 2016
Режиссер: Максим Демченко
Рөлдерде: Сергей Маркеев, Диана Милютина, Марьяна Смирнова, Варвара Расторгина, Анна Ковальчук, Виталий Коваленко, Юлия Кудояр, Дмитрий Лысенков, Юрий Ицков, Андрей Пынзару
Жанр: комедия,отбаслық, балаларға арналған
Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін
Қысқы демалыс кезінде алтынш сыныптың оқушысы Паша ата-анасымен бірге шаңғы тебуге тауға барады. Сол жақта ол өзі армандаған қызға ғашық болады. Демалыс орнында демалып жатқан Паша күтпеген жерден криминалды оқиғаға тап болады. Ол патшайым Тамараның ескі әшекейн тауып алады.

Қазақстандық тұсаукесер: 22.12.2016
Елі: Ресей, 2016
Режиссер: Александр Войтинский
Рөлдерде: Фёдор Бондарчук, Алексей Кравченко, Таисия Вилкова, Никита Волков, Владимир Гостюхин, Егор Бероев, Ксения Алферова, Сергей Бадюк, Ян Цапник, Светлана Пермякова
Жанр: фэнтези, семейный, шытырман оқиға
Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін
Машаға үнемі ұшып жүретін отты құбыжықтар көрінеді. сыпытастары қызға сенбейді, оған күледі.Бір күні Маша тағы да құбыжықты көреді, осы жолы олар өздерін сиқыршы деп атайтын жас жігіттермен айқасады. Олар мшаны құбыжықтардың шабулынан құтқарады.Құпия зертханаға тап болған маша шын Аяз Атамен кездеседі. Ол әлемді қара ниеттілерден құтқару үшін айналаына сиқыршылар әскерін жинаған екен. Жаңа жылда Жер бетінде мейірімділік пен зұлымдық айқасады, бұған мерекені тойлап жатқан адамдар да қатсады. Бірақ осы жылы адамдарды қатерден құтқару Машаның қолында.

Қазақстандық тұсаукесер: 29.12.2016
Елі: Ресей, 2016
Режиссер: Константин Феоктистов
Жанр: мультфильм, комедия, шытырман оқиға
Жасына қарай шекету: 6 жасқа дейін
батырлардың отбасында да келеңсіздіктер болады. Олар біраз сергу үшін қтайға айдаөардың тісін әкелуге аттанады. Бұл тіс даналық пен күш береді екен. Киев князі өзінің аты Юлимен мемлекеттің қазынасын толтыру үшін теңіз патшасының қазынасын алуға аттанады. Бірақ теңіз тапшасының өз жоспары бар: ол үйленіп, Киевті суға батырып жібермек. Батырлар енді не істемек? оларға кім көмектеседі? Әрине, махаббат, достық, батылдық.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін