È

Апта тұсаукесерлері: Өткен шақ жібермейді

Апта тұсаукесерлері: Өткен шақ жібермейді

Отанлық прокатта маерикалық фильмдердің шеруі өтпек. Осы апта «Лего фильм: Бэтмен» анимациялық фильміндегі Бэтмен және Джокердің күресі арқылы қазақстандықтардың есінде қалмақ.

«Лего фильм: Бэтмен»

Қазақстандық тұсаукесер: 9.02.2017

Елі: АҚШ, Дания

Режиссер: Крис МакКей

Рөлдерде: Дженни Слейт, Уилл Арнетт, Рэйф Файнс, Розарио Доусон, Майкл Сера, Мэрайя Кэри

Жанр: мультфильм, боевик, комедия

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Готэмның басына тағы ла қара бұлт төнді. Қаланың ең қауіпті қылмыскері - Джокер психиатриалық емханадан қашып кетеді. Енді ол өзінің серіктесі Харли Куиннмен бірге қауіпті іске бармақ. Қаланы қорғауға ержүрек Бэтмен және оның шәкірті - Робин кіріседі.

 

«Джон Уик 2»

Қазақстандық тұсаукесер: 9.02.2017

Елі: АҚШ

Режиссер: Чад Стахелски

Рөлдерде: Киану Ривз, Руби Роуз, Бриджет Мойнэхэн, Иэн МакШейн, Петер Стормаре, Лоренс Фишбёрн, Томас Садоски

Жанр: боевик, криминал, триллер

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Джон Уик - әлемдегі ең үздік жалдамады адам өлтірушілердің бірі. Біраө уақыт үзілістен кейін ол ойынға қайта кіріседі. Ол өзнің өмірін ғана қатерге тігіп қоймайды, ең бастысы өз әріптесіне берген сертінде тұруы тиіс.

«На пятьдесят оттенков темнее»

Қазақстандық тұсаукесер: 9.02.2017

Елі: АҚШ

Режиссер: Джеймс Фоули

Рөлдерде: Джейми Дорнан, Дакота Джонсон, Тайлер Хэклин, Белла Хиткот, Люк Граймс, Эрик Джонсон

Жанр: драма, мелодрама

Жасына қарай шектеу: 18 жас

Анастейша Стил Кристианмен арасындағы қарым-қатынасты үзбек болады. Алайда Кристиан Грей өзінің арам ойын жүзеге асырмақ ниетті. Өзін өзі ұстай алмай ол Анастейшаның құпиясын ашпақ. Ал қызға Кристианның бұрынғы әйелдерімен күресуге тура келеді.

«Дорога чести. Путь в Палому»

Қазақстандық тұсаукесер: 9.02.2017

Елі: АҚШ

Режиссер: Джейсон Момоа

Рөлдерде: Ти Александр, Лиза Боне, Крис Браунинг, Линден Чайлз, Лэн Хенриксен

Жанр: триллер, драма

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Роберт Вольф анасын өлтірген адамды өзі жазалады. Енді ол қашып жүр. Темір мотоцикл мен шексіз, шетсіз дала – оның қазіргі өмірі осы. Күре жолдардың бірінде ол өзіне жолсерік табады. Енді ол екекуі де жолдың тұтқындарына айналады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер