È

Апта тұсаукесерлері: Түнгі ертегілер

Апта тұсаукесерлері: Түнгі ертегілер

Қазақстандық прокатқа үш картина шықты, олардың екеуін, «Варкрафт» және «Алиса в Зазеркалье» фильмдерін көрермен асыға күткен болатын. Осы фильмдер мамырдың 26-сынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

«Варкрафт»

Қазақстандық тұсаукесер: 26.05.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Дункан Джонс

Рөлдерде: Трэвис Фиммел, Пола Пэттон, Тоби Кеббелл, Бен Фостер, Доминик Купер, Роберт Казински, Клэнси Браун, Рут Негга, Бен Шнетцер, Каллум Кит Ренни

Жанр: фэнтези, боевик

Жасқа қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Жүздеген жылдар бойы мықты қорған мен дуа адамдардың тыныштығын жаулардан қорғап келген. Алайда жазмыштан, озмыш жоқ. Мыңдаған жылдар тыныш жатқан құбыжықтар бас көтеріп, адамдарға қауіп төндіреді. Олардың жолында патшалықтың жүрегі Азеротиге қауіп төнеді. Жер бетінде бұл құбыжықтар пай болғаннан бастап әлем қыл үстінде тұрғандай қауіпті жағдайда қалады.

"Варкрафт" фильмінің түсірілімі 123 күнге созылды. Тұсаукесері 2015 жылы болу керек еді, бірақ «Звездные войны: Пробуждение силы» фильмінің шығуына байланысты релиз кейінге қалдырылды.

 

«Алиса в Зазеркалье»

Қазақстандық тұсаукесері: 26.05. 2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Джеймс Бобин

Рөлдерде: Миа Васиковска, Джонни Депп, Энн Хэтэуэй, Хелена Бонем Картер, Алан Рикман, Ричард Армитедж, Саша Барон Коэн, Майкл Шин, Эндрю Скотт, Рис Иванс

Жанр: фэнтези, приключения, семейный

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Тағы да Ғажаптар әлеміне түсіп кеткен Алиса өзінің досы ессіз Шляпниктің бір қырсыққа ұшырап қалғанын біледі. Адал досын құтқару үшін сиқырлы шар – Хроносфераны іздеуге бел буады. оған бүкіл Зазеркальядағы уақыт бағынады.

Актерлар Джонни Депп («Пираты Карибского моря: Проклятие Черной жемчужины»), Алан Рикман («Гарри Поттер и философский камень»),Тимоти Сполл («Король говорит!») және актриса Хелена Бонэм Картер («Крупная рыба») бұған дейін режиссер Тим Бёртонның «Суини Тодд, демон-парикмахер с Флит-стрит» фильмінде бірге түскен болатын. .

 

«Где дракон?»

Қазақстандық тұсаукесер: 26.05. 2016

Елі: Гонконг, Қытай, 2015

Режиссер: Синг-Чунг Фу, Бетти Тэнг

Рөлдерде: Леон Дай, Гун Чжэ, Фиш Леонг, Ван Лихом, Майкл Вонг, Чжан Цзыи

Жанр: мультфильм

Дженет есімді балақай зодиак белгілерінің ғажап елінің тұрғындарына көмектесу үшін қауіпті шытырман оқиғаға тап болады. Қатігездер күші олардың елдерінде өз заңдарын орнатқысы келеді. Дженет өзінің жаңа достарымен бірге елді құтқармақ болады.

 

Тақырып бойынша:

Апта тұсаукесерелері: Бөтен адамдар

Апта Тұсаукесерлері: Ашумен бағытталғандар

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер