È

Апта тұсаукесерлері:Полюстер қақтығысы

Апта тұсаукесерлері:Полюстер қақтығысы

Алдағы киноапта күннің ыстығынан шаршаған көрерменді сергітеді. Егер «Ледниковый период: Столкновение неизбежно» фильмі салқындық әкелсе, ал «Проклятые. Противостояние» жүректе салқын леп естіреді. Сонымен, үшінші нұсқа бар, ол өте жайлы, салқын кинотеатрға барып, «Равные» фильмін тамашалау. Қалай болғанда да ыстықтамайтын боласыз.

«Ледниковый период: Столкновение неизбежно»

Қазақстандық тұсаукесер: 14.07. 2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Майк Тёрмайер, Гален Т. Чу

Рөлдерде: Джон Легуизамо, Куин Латифа, Кеке Палмер, Дэнис Лири, Рэй Романо, Ванда Сайкс, Джей Лено, Рошон Феган, Феликс Чельберг, Крис Уэдж

Жанр: анимация, шытырман оқиға, комедия

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Скратты қуып жету үшін ғарыш кемесі аттанады, ол Мұз кезеңі әлемәне қаууіп төндіреді. Мэнни, Сиду, Диего және басқа да аңдарға үйлерін тастап, өте қауіпті, бірақ қызық сапарға аттануға тура келеді. Сол кезде олар басқа да хайуанаттар өкілдерімен танысады және өздері үшін үлкен жаңалықтар ашады.

Айта кетейік, бұл мұз франшизының бесінші анимациялық фильмі.

«Равные»

Қазақстандық тұсаукесер: 14.07. 2016

Елі: АҚШ, 2015

Режиссер: Дрейк Доримус

Рөлдерде: Николас Холт, Кристен Стюарт, Гай Пирс, Джеки Уивер, Тоби Хасс, Дэвид Селби, Кейт Лин Шейл, Ребекка Хэзлвуд, Тео Ю, Аврора Периньо

Жанр: драма, мелодрама, фантастика

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Сайлас «коллектив» деп аталатын, заманауи тілде «теңбе-теңдер» деп аталатын ұжымда тұрады. Бұл ұжымда кедейшілік, зорлық, сараңдық жоқ. Осы тату бірлестікке қауіп төніп тұр: адамдар SOS дертіне шалдығады.(Қоғамдық Сана Синдромы). Осы инфицияны жұқтырғандарды Үкімет Нораға аттандырады, ол жақтан ешкім кері қайтпайды. Сайлас та осы дертке шалдығады, бірақ шешуші қадам жасауға ұмтылады, ол дәл осы синдромға шалдыққан қызды кездестіреді...

«Проклятые. Противостояние»

Қазақстандық тұсаукесер: 14.07. 2016

Елі: Жапония, 2016

Режиссер: Кодзи Шираиши

Рөлдерде: Мидзуки Ямамото, Тина Тамасиро, Аими Сатсукава, Мисато Танака, Масахиро Комото, Масанобу Андо

Жанр: қорқынышты фильм

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Күмәнді бейнежазбаны көргеннен кейін екі қыз қарғысқа ұшырайды. Олар қауіптен құтылу үшін ешкім тұрмайтын ескі үйге кетіп қалады. онда олар екі демондыв бір-біроіне қарсы қоймақ. Қақтығыс өмір үшін емес, өлім үшін...

Тақырып бойынша:

Апта тұсаукесерлері: Кинода кездескенше

Апта тұсаукесерлері: Үлкен және мейірімді​

 

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ержан Рүстембеков

Режиссер

Әнуар Нұрпейісов

Актер