È

Аптадағы тұсаукесерлер: Керемет демалыс

14 ақпаннан басталған апта тұсаукесерлері

Ақпанның ортасы жаңа киноларға толы болмақ: айналымға 10 кинокартина шығады. Мысалы, ерлер достығы жайлы баяндайтын «Таиландтағы демалыс» отандық комедиясы, Marvel-дің «Қара Ілбісін» супер батыр туралы фильмі, «Мұз» ресейлік драмасы және кішкентай көрермендерге «Муми-тролльдер және қысқы ертегі» картинасы көрсетіледі.

 

«Таиландтағы демалыс»

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.02.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Ален Ниязбеков

Рөлдерде: Нұрлан Қоянбаев, Қуаныш Жылжақсынов, Жан Байжанбаев, Диора Романова

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Студенттер Ермек пен Дәурен қысқы демалыс кезінде жатақханада қалып қояды. Жігіттердің іші пыспау үшін ұстаздары Асқат ағай оларды қонаққа шақырады. Отырыс кезінде «Таиландтан бір-ақ шықсақ қой» деп армандайды. Осы кезде кейіпкерлердің арманы орындалады. Бірақ, олар қалай қайтып келмек?

 

«Мұз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.02.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Олег Трофим

Рөлдерде: Аглая Тарасова, Диана Енакаева, Мария Аронова, Александр Петров, Милош Бикович, Ян Цапник

Жанры: мелодрама

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Надя – дарынды мәнерлеп сырғанаушы, мансабы өрге домалауға жақын. Бірақ, тағдыр бойжеткенге қиын сынақ дайындап қойыпты. Надя жол апатына түсіп, мүгедектер арбасына таңылды. Ол өз-өзін жеңіп, қалай да мұзға оралуы тиіс.

 

«Жүректерді жаулаушы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.02.2018

Мемлекеті: Франция, 2018

Режиссері: Лоран Тирар

Рөлдерде: Жан Дюжарден, Мелани Лоран, Ноэми Мерлан, Федор Аткин

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Капитан Невиль Австрияға кетіп бара жатып, Полинге күн сайын хат жазып тұруға уәде береді. Алайда, капитаннан хаттар келмеген соң, сұлу Полин күйзеле бастайды. Элизабет әпкесін қайғыдан құтқару үшін Невильдің атынан түрлі ерлігі жайлы хат жазып жүреді.

 

«Қара Ілбісін»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.02.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Райан Куглер

Рөлдерде: Чедвик Боузман, Лупито Нионго, Мартин Фриман, Летишиа Райт

Жанры: фантастика, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 13 жасқа дейін

Ваканд жері ерекше металлдары арқылы танымал. Ұзақ жылдар бойы көпшілігі бұл жерді жаулап алуға тырысқан, бірақ көне рух Қара Ілбісін аборигендерді қорғап жүретін.

 

«Елесті жіп»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.02.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Пол Томас Андерсон

Рөлдерде: Вики Крипс, Лесли Мэнвилл, Дэниэл Дэй-Льюис

Жанры: драма, мелодрама

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сюжетте патша жанұясына және бай мұрагерлерге киім үлгілерін тігетін танымал кутюрье Вудкок баяндалады. Кейіпкердің салонына сұлу да сымбатты Альма келгеннен бастап, оның өмірі күрт өзгереді.

 

«Муми-тролльдар және қысқы ертегі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.02.2018

Мемлекеттері: Финляндия, Польша, 2017

Режиссерлары: Ира Карпелан, Якуб Вронски

Рөлдерде: Билл Скарсгард, Стеллан Скарсгард, Алисия Викандер

Жанры: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі жоқ

Муми-тролльдар еліне қыс келді. Бір муми-тролльдан басқасының барлығы ұйқыға кетеді. Ол қарлы елін аралап жүріп, құпия қонақ – Рождествоның кім екенін анықтауға тырысады.

 

«Айға ұшайық»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.02.2018

Мемлекеті: Перу, 2017

Режиссерлары: Алекс Оррелл, Эдуардо Шульдт

Рөлдерде: Омар Чапарро, Джессика Седиел, Джей Маммон, Коко Легран

Жанры: мультфильм, фантастика

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Жерге бір тұмар арқылы барлық мақұлықтарды басқара алатын бөгде ғаламшарлықтар төніп келді. Ғаламшарды құтқаратын бір жан – ақымақ айдарлы құмай, ол үшін бір аптада жеті жұма бар.

 

«Дұшпандар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.02.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Скотт Купер

Рөлдерде: Скотт Шеперд, Розамунд Пайк, Ава Купер, Стелла Купер

Жанры: драма, вестерн

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Соғыс аяқталған соң да капитан Блокер қызыл нәсілділерді қарғады. Дәл соған Сары Тұйғынның басшысын Монтанға тірідей әкелу тапсырылады. Алайда, ол әр бұрышы өлімге апаратын қауіпті жолмен жүруге мәжбүр болады.

 

«Парижге бағытталған пойыз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.02.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Клинт Иствуд

Рөлдерде: Спенсер Стоун, Энтони Сэдлер, Алек Скарлатос, Джуди Грир

Жанры: триллер, драма, тарих

Жас шектеуі: 13 жасқа дейін

Фильм 2015 жылы 21 тамызда Амстердам-Париж бағытындағы пойызда болған шынайы оқиғаны баяндайды. Жас жігіт вагон жолаушыларына ашық түрде оқ атқан. Еуропа бойымен саяхаттап жүрген үш дос террористті тоқтатуға тырысады.

 

«Табынушылар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.02.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Валерия Суркова

Рөлдерде: Елена Нестерова, Валентин Самохин, Виталия Еньшина, Татьяна Владимирова

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Картина драматург Анна Яблонскаяның аттас пьесасының негізінде түсірілген. Оқиға кез-келген әрекеттері сәтсіздікке толы бақытсыз отбасының аясында өрбиді. Дегенмен, апаларының келісімен барлығы өзгереді: кейіпкерлердің өмірі қалыпты арнаға түсе бастайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса