È

Аптадағы тұсаукесерлер: Құдаймен келіспей қалғанда

27 қыркүйектен басталған апта тұсаукесерлері

Осы аптада көрермендер жаңа Дмитрий Нагиевті көретін болады. Актер алғаш рет экранда Сарик Андреасянның «Кешірілмеген» картинасында драмалық рөлді сомдайды. «Сағатты үйдің құпиясы» фантастикалық қорқынышты фильміндегі Кейт Бланшетт пен «Твин Пикс» жұлдызы Кайл МакЛоклен дуэті де қызыққа толы болмақ.

 

«Кешірілмеген»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.09.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Сарик Андреасян

Рөлдерде: Дмитрий Нагиев, Роза Хаируллина, Марждан Аветисян, Михаил Горевой, Вадим Цаллати

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Боден көлінде авиалайнер мен жүк көлігі соқтығысып қалады. Барлық жолаушылар қайтыс болды. Ұшақ бортында инженер-құрылысшы Дмитрий Калоевтің әйелі мен екі баласы болған. Отбасынан айырылған еркек кінәлілерден кешірім сұрауды ғана талап етеді. Алайда, тергеу ұзаққа созылады да, Дмитрий қайғылы жағдайды тудырған диспетчерді өзі іздеп табуға тырысады.

 

«Әлемнің жүрегі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.09.2018

Мемлекеттері: Ресей, Литва, 2018

Режиссері: Наталия Мещанинова

Рөлдерде: Степан Девонин, Дмитрий Поднозов, Яна Сексте, Витя Оводков

Жанры: драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Фильмнің негізгі кейіпкері – мал дәрігері Егор. Жігіт жануарларға арналған жаттығу бекетінде жұмыс істейді. Күн сайын кейіпкер бекет бастығына жақын болу үшін кез-келген жұмысты іліп әкетеді. Кейіпкер оның отбасының бір бөлігіне айналуға тырысып жүр.

 

«Сағатты үйдің құпиясы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.09.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Элай Рот

Рөлдерде: Джек Блэк, Кайл МакЛоклен, Кейт Бланшетт, Оуэн Ваккаро, Коллин Кэмп

Жанры: фантастика, қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Жетім Льюис ағасының үйіне қонаққа келеді. Бала үйден тынымсыз соғып тұрған сағаттың дауысын естиді. Дауыстың қай жақтан шығып жатқанын білу үшін Льюис ескі үйдің қабырғасында жасырынған құпиялы әлемге еніп кетеді.

 

«Руби мен Су әміршісі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.09.2018

Мемлекеті: Қытай, 2018

Режиссері: Дин Ши

Рөлдерде: Лю Чуньянь, Чжан Лэй, Ван Ичэнь, Чжан Яохань

Жанры: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Қызыл қоңыз Руби ғажайыптар елі Алтын каньонға баруды армандайды. Жігерін жанып, Руби инелік Су әміршісімен бірге қызықты саяхатқа аттанады. Бірақ, ғажайыптар әлемі қауіпті: кейіпкерлер зұлым кесіртке мен патша соналарын жеңуге тырысады.

 

«Шатырқанат»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.09.2018

Мемлекеттері: Чехия, Испания, АҚШ, 2017

Режиссері: Михаэль Ноер

Рөлдерде: Рами Малек, Чарли Ханнэм, Томми Флэнаган, Ив Хьюсон, Роланд Мюллер

Жанры: драма, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Бұл сейфтерді бұзып алушы Анри туралы хикая, ол қылмыс әлемінде Шатырқанат деген атпен белгілі. Еркекті өзі жасамаған қылмыс үшін тұтқындап, соттайды. Күн өткен сайын өзін ақтап шығу үміті сөне бастайды. Бір күні Анри белгісіз бір Луимен танысады, ол азғантай қаржыға бостандық сыйлауға уәде береді.

 

«Іздеу»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.09.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Аниш Чаганти

Рөлдерде: Джон Чо, Сара Сон, Мишель Ла, Джозеф Ли

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Дэвид Ким жалғыз өзі 16 жасар қызын тәрбиелеп жатыр. Бір күні қызы үйге келмей қалады. Алаңдаған Дэвид полицияға жүгінеді. Бірақ, олар қолдарын бір сілтейді. Тергеу нәтижесін күтпестен, күйзелген әке өзі іздеуге шығады.

 

«Ересектерге арналған ойыншықтар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.09.2018

Мемлекеттері: АҚШ, Қытай, 2018

Режиссері: Брайан Хенсон

Рөлдерде: Мелисса МакКарти, Элизабет Бэнкс, Майя Рудольф, Синти У, Митч Силпа

Жанры: атыс-шабыс, триллер, детектив

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Фильмдегі оқиға адамдар мен қуыршақтар қатар өмір сүретін Лос-Анджелесте өрбиді. Танымал телешоу жұлдыздарымен байланысты өлім қалалықтардың алаңсыз өмірін бұзады. Бұл іске жекеменшік детектив Фил және коп әйел Кони кіріседі.

 

«Шұлықтарды ұрлаушылар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.09.2018

Мемлекеттері: Чехия, Словакия, Хорватия, 2016

Режиссері: Галина Миклинова

Рөлдерде: Криштоф Гадек, Ян Максиан, Давид Новотны, Онджей Троян

Жанры: мультфильм, фэнтези

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Фильм кейіпкері – шұлықтарды ұрлайтын кішкентай жаратылыстар. Шұлықшылар әр үйде бар. Оларда да адамдарға тән мәселелер жетерлік. Бірақ, олар жалғыз ережені бұзбаулары тиіс – ешқашан шұлықтың екі жұбын бірден ұрлауға болмайды.

 

«Букшоп»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.09.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, Испания, Германия, 2017

Режиссері: Изабель Койшет

Рөлдерде: Эмили Мортимер, Билл Найи, Рег Уилсон, Джеймс Лэнс

Жанры: драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Флоренс кішкентай қалашық Хардбороға келіп, кітап дүңгіршегін ашады. Бір қарағанда сыпайы әрі интеллигентті болып көрінген қала тұрғындары әдеби шығармаларды аса ұната қоймайды екен. Флоренс қалалықтардың әдебиетке деген махаббатын барынша оятуға тырысады. Оның әрекеттері күтпеген жағдайларға әкеп соғады.

 

«Дон Кихотты өлтірген адам»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.09.2018

Мемлекеттері: Испания, Бельгия, Португалия, 2018

Режиссері: Терри Гиллиам

Рөлдерде: Адам Драйвер, Джонатан Прайс, Стеллан Скарсгард, Серхи Лопес

Жанры: драма, фэнтези

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Режиссер Тобиас Граммет шабыс іздеп жүріп, 10 жыл бұрын Дон Кихот жайлы фильм түсірген ауылға аттанады. Сол жақтан ер азамат картинасында басты рөлді сомдаған актерді жолықтырады. Егде тартқан етікші ақылынан адасып, өзін Дон Кихотпын дейді. Тобиасты досы Санчо деп танып, саяхатқа шығуды талап етеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер