È

«Сағатты үйдің құпиясы»: Кейт Блатшетт алғашқы дубляждалған трейлерде көрші мыстанның рөлінде

«Сағатты үйдің құпиясы»: Кейт Блатшетт алғашқы дубляждалған трейлерде  көрші мыстанның рөлінде

Біз Кейт Бланшетті («Бенджамин Баттонның жұмбақ оқиғасы», «Әннен кейінгі ән») салмақты драмалардан көріп үйреніп қалған едік. Дегенмен, актриса және «Оскардың» иегері жақында кинодағы жанрын түбегейлі өзгертті. Былтырғы жылдың соңында шыққан Marvel-дің «Тор: Рагнарёк» комиксінде ол Хела құдайдың рөлін сомдады, жақында «Оушеннің 8 құрбысы» қылмыстық триллері көрсетілімге шығады, ол жерде Бланшетт басты рөлдердің бірін ойнаған. Ақыры соңында, жылдың аяғына қарай, актриса «Сағатты үйдің құпиясы» фильмінде бой көрсетеді.

Режиссер Элай Рот («Өлім тілеу», «Арсыз тұқымдар») «Сағатты үйдің құпиясы» фильмін Джон Беллэрстің 1973 жылы жарыққа шыққан балаларға арналған аттас кітабы негізінде экрандауда. Жас Оуэн Ваккаро («Қош келдің, әке, Жаңа жыл») ағасының (Джек Блэк, «Джуманджи: Орман шақырады», «Алмасқан демалыс») үйіне көшіп баратын 10-жастағы жетім баланы сомдайды.

Белгілі болғандай, ағасының үйінде өзгеше өмір бар екен, тіпті әрдайым бір оқиға болып жатады. Осылайша, оның сиқыр әлеміндегі қызықтары басталады және ол көрші тұратын мыстанмен (Кейт Бланшетт) достасып алады.

«Сағатты үйдің құпиясы» фантастикалық хорроры ауқымды айналымға осы жылдың 4 қазанынан бастап шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер