È

2018 жылдың сәуірінде күтілетін 7 фильм

2018 жылдың сәуірінде күтілетін 7 фильм

Отандық фильмдердің ішінен таңдаулы киножариялым ретінде «Әміре» өмірбаяндық драмасын ерекше атап өтуге болады. «Миымды ашытпаңыздаршы» таспасын отандық комедиядағы осы жылдың үздік туындыларының бірі ретінде ұсына аламыз. Блокбастерлердің арасынан Данила Козловскийдің «Жаттықтырушы» ресейлік спорттық драмасы және осы айдың ерекше туындысы Дуэйн Джонсон басты рөлді сомдаған «Рэмпейдж» фильмі басымдық танытты. Триллерді ұнататындарға әлем бойынша көптеген жағымды пікірлерге ие болған «Тыныш жер» фильмін батыл түрде ұсынуға болады. Жақсы көріп қайтыңыздар!

7. «Өлім тілеу»

Жылы/мемлекеті: 2018 / АҚШ

Жанры: атыс-шабыс, триллер, қылмыс

Режиссері: Элай Рот

Афишалардағы Брюс Уиллистің есімі фильмнің сапасына кепілдік беруді әлдеқашан тоқтатқан. Бұл актердің сомдауындағы қайратты кейіпкерлер құдды бір өткен онжылдықта қалып қойған секілді. Сондықтан, «Өлім тілеу» фильмін классикалық голливудтық атыс-шабыс фильмінің соңғы кейіпкерінің кезекті оралуы деп қарастыру ақымақтық болар еді. 1974 жылы басты рөлді Чарльз Бронсон сомдаған сәтті шыққан атыс-шабыс фильмінің өңделген нұсқасын ұсынатын бұл картинаның тамаша сценарийі бар. Уиллис хирургтан өзін ешнәрсе тоқтата алмайтын аяусыз кек алушыға айналған адамның рөлін сомдайды. Элай Рот Квентин Тарантиномен бірге бірнеше фильм түсірді, сондықтан экранда қылмыскерлердің әрекеті мен атыс-шабысы толықтай сәтті көрсетіледі.

6. «Қараман»

Жылы / мемлекеті: 2018 / Қазақстан

Жанры: триллер, тылсым

Режиссері: Дәстен Шәкіров

«Қараман» Alan Cinema Production компаниясының қызықты оқиғалы фильмдерді түсіруге бағытталған алғашқы толықметражды жобасы. Көне жәдігерлерді аңдушылар заңсыз кәсіппен айналысады. Олар алыс тауда жасырынған алтын мүсінше жайлы естиді. Қауіпті экспедицияға аттанған топ жол нұсқаушымен бірге құпия әрі жұмбақ орынға тап болады. Көңіл көтеруден бөлек, «Қараман» фильмі көрермендерге «Адамдар металл үшін құрбан болады» деген ұран арқылы адамның ашкөздігі жайлы ой салады. Сондықтан, Дастан Шәкіровтің дебюттік жұмысы тек тылсым жәдігерді іздеу жайлы ғана емес, сондай-ақ оңай табыс пен тез баюдан гөрі, маңызды нәрсе іздеу керектігін көрсететін қызықты фильмді ұсынады.

 

5. «Жаттықтырушы»

Жылы / мемлекеті: 2018 / Ресей

Жанры: драма, спорт

Режиссері: Данила Козловский

Спорттық блокбастерлер ресейлік кинодағы таңдаулы жанрлардың біріне айналып келеді, оның үстіне, «№17 аңыз» және жақында ғана шыққан «Өрлеу» фильмдері кеңестік кезеңдегі спортты сәтті көрсете білді. Дегенмен, Ресейде осы жылы футболдан әлем кубогы өтетіндіктен, аталмыш танымал спорт жайлы рухты көтеретін таспа қажет болды. Таспаның режиссері әрі басты рөлді сомдаған Данила Козловский картинада қарапайым топтың таңғажайып жетістіктерімен бөлісуге дайын. Бір қызығы, түсірілімге көрермендерге ерекше әсер сыйлайтын кәсіпқой футболшылар да қатысты. Козловский жобасымен тек өз елінің жанкүйерлерінің ғана қызығушылығын тудырып қоймайды деп үміттенеміз.

4. «Әміре»

Жылы / мемлекеті: 2018 / Қазақстан

Жанры: музыка, драма, өмірбаян

Режиссері: Джефф Веспа

«Әміре» халықаралық жобасы қазақ халқының талантты ұлы Әміре Қашаубаев жайлы баяндайды. Американдық режиссер Джефф Веспа шынайы оқиғаға негізделген қызықты драманы ұсынады. Ұлы әнші әрі композитор 1925 жылы кеңестік елшілік құрамында болып, Еуропаға ұлттық қазақ өнерін алғаш танытқан болатын. Джаз жанрының ұлы композиторы Джордж Гершвин оның талантына және музыкалық шеберлігіне тәнті болған. Әміренің бейнесін экранға алып шыққан актер Санжар Мәди шығармашылыққа бейімделген, адал әрі таза, сталиндік баскесерлікті жоюға талпынған адамды сомдайды. Ешқандай даусыз, «Әміре» - бұл біздің мәдениетіміздің талантты тұлғаларының бірі жайлы қызықты оқиғаға құрылған әлемдік деңгейдегі фильм.

3. «Тыныш жер»

Жылы / мемлекеті: 2018 / АҚШ

Жанры: қорқынышты фильм, триллер, драма

Режиссері: Джон Красински

Джон Красинскидің «Тыныш жер» концептісі қорқынышты фильмдерден ауқымды жаңалығымен ерекшеленеді. Режиссер әдеттегі дыбыстар мен әртүрлі кескіндегі элементтердің орнына, көптеген көріністерде абсолютті үнсіздік орнайтын фильмді түсірді. Әлбетте, мұндай жоба жүйке-жүйеге жақсы сынақ болмақ және жүрек ырғағының жылдамдығын арттырып, аудиторияны бақылауда ұстайды. «Тыныш жер» фильмінің сюжеті бойынша құбыжықтар шуды, әсіресе, дыбыстарды ұнатпайды, олай болмаса өлім күтіп тұр. Бұл жанрдың талаптарын қабылдауға мәжбүрлемейтін хоррордың сирек кездесетін түрі екені сөзсіз. Красински фильмдегі қорқынышты оқиғаларды көрген әрбір адамды ойынның белсенді қатысушысы етеді.

2. «Миымды ашытпаңыздаршы»

Жылы / мемлекеті: 2018 / Қазақстан

Жанры: комедия, шытырман

Режиссеріы: Джами Бейсенов

Джами Бейсеновтың «Миымды ашытпаңыздаршы» комедиясында күлкілі әрі ақылға сыймайтын оқиғалар көп кездеседі. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, кәдімгі қарапайым қазақ Шри-Ланкаға қалай тап болады? Бұл түсінікті, ғой. Басқа ұшаққа отырып, Египеттің орнына алыс аралға ұшып барады. Ал, ол жердегі жергілікті тұрғындардың арасынан қазақты кездестіру... Бұл енді тым артық. Әкесі Шри-Ланкада заңдық мәселелерге тап болып, түрмеге түсіп қалады. Әкесін құтқаруға алыстағы отаны Қазақстаннан туған қызы жігітімен бірге ұшып келіп, бәріне қызық сыйлайды. «Миымды ашытпаңыздаршы» комедиясының негізгі бағыты өте дұрыс таңдалған – тіпті, қазақтардың ең мағынасыз оқиғасы, туыстардың күтпеген көмегі мен батылдығының өзі күлкі шақырады.

1. «Рэмпейдж»

Жылы / мемлекеті: 2018 / АҚШ

Жанры: атыс-шабыс, шытырман, фантастика

Режиссері: Брэд Пейтон

Дуэйн Джонсонның «Рэмпейдж» генетикалық тәжірибе жайлы жаңа жобасы қазір кез-келген жобадағы сәттілікке кепілдік бере алатындай, оның танымалдылығына жақсы жағынан әсер етті. Ешкім жаңалық ойлап таппайды. Егер табысты фильм «Джуманджи: Орман шақырады» 20-жыл бұрынғы фильмнің экрандық бейімделуі болса, онда «Рэмпейджтің» тамыры одан да әріде – 80 жылдардағы танымал бейнеойын негізінде түсірілген. Әлемді құтқару сюжеті ешкімді таңқалдырмайды, бірақ тұрақты түрде жақсы бокс-офис жинайды. Бұл жолы Солтүстік Америкадағы зардап шегушіге және барлық адамзатқа үш құбыжық қауіп төндіреді, олар – алып горилла, үлкен қасқыр және динозавр. Джонсонның кейіпкері - бүкіл әлемді және өзінің алып досын жойылып кетуден құтқарудың жолын іздейтін көрнекті маман.

 

 

Сергей Бутаков

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

15 апреля 2018, 23:47

Кроме Амире, все скука.

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер