È

«Қараман» фильмінің ресми трейлері

«Қараман» фильмінің ресми трейлері. Қазақстан киносы

Желіге «Қараман» шытырман оқиғалы триллерінің ресми трейлері жарияланды. Alan Cinema Production компаниясы түсірген фильм отандық айналымға 2018 жылдың 12-сәуірінде шығады.

«Қараман» картинасы көне жәдегерлерді іздеумен айналысатын адамдар тобы жайында баяндайды. Топ аяқ астынан алтыннан жасалған көне мүсіншені тауып әкелу тапсырмасына ие болады. Кейіпкерлер тапсырманы орындауға аттанып бара жатып, өліммен бетпе-бет келетіндерін білмеген еді.

Көрермендер қазушы қаралар рөлінде Асан Мәжит, Дастен Шәкіров, Марат Абай-Ділда және Филипп Волошин сынды актерларды көретін болады.

Триллер қойылымымен актер Дастен Шәкіров («Өгей жүрек»), визуалды бөлігімен оператор Казбек Әмержанов («Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі») айналысты.

«Қараман» Түргенде, Ассы және Қайыңды шоқыларында түсірілді. Түсірілім 2017 жылдың күзінде өтті.

 

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

21 февраля 2018, 23:33

Класс!

Таныс бейне

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса