«Қараман» фильмінің екінші тизері
Желіге «Қараман» отандық фильмінің екінші тизері шықты. Картина тауда болған тылмыс оқиғаны баяндайды.
«Қараман» - көне жәдігерлерді зерттеушілер хикаясы, олар жаңа тапсырмаға ие болады. Мақсаттары – тауда жасырынған алтын мүсіншені тауып алу. Кейіпкерлер жолай жергілікті қорықшыны жолықтырады, кейін ол жол бастаушыға айналады. Бірақ, кейіпкерлер тап болған жерде көне құпия жасырынған болып шығады.
Картина идеясы Марат Абдуллаевқа тиесілі, ол бұл идеяны 2 жыл бойы қорытқан. Сценарийін Тимур Жақсылықовпен бірге жазады. Режиссерлікпен Дәстен Шәкіров айналысты, жобаның бас продюсері - Мұрат Бекмұратов.
Сынамалы нұсқасының түсірілімі 2016 жылы күзде болған. 2017 жылы топ толықтырылған сценариймен және өзгертілген актерлік құраммен қайтадан түсірілімге кірісті. Нәтижесінде, триллерге Филип Волошин, Дәстен Шәкіров, Марат Абай-Ділда, Асан Мәжит және Райхан Айтқожанова түсті.
Авторлардың айтуынша, фильм 16 жастан асқан көрермендерге арналған.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін