È

«Қараман» тылсым триллерінің алғашқы тизері

«Қараман» тылсым триллерінің алғашқы тизері

Alan cinema production «Қараман» тылсым триллерінің алғашқы тизерін ұсынды. Фильм отандық айналымға 2018 жылдың басында шығады.

«Қараман» - көне жәдігерлерді тауып, оларды қара базарда сатып өмір сүретін бес қазушы туралы баяндайды. Зерттеушілер тобы бір алтын мүсінше туралы естіп, соны іздеуге аттанады. Кейіпкерлерге аса сақ болу қажет: олар алтын іздейміз деп жүріп, тұзаққа түсіп қалулары мүмкін.

Фильм идеясы Марат Абдуллаевқа тиесілі, сценарийін Мейірмани Нұрлыбек пен Тимур Жақсылықов жазды. Атқарушы продюсерлер - Ришат Әділбеков және Айдай Жамбоева. Жобаның бас продюсері - Мұрат Бекмұратов.

Дәстен Шәкіров пен Асан Мәжит «Қараман» фильмінің түсірілімінде

Сондай-ақ, фильм түсіріліміне қоюшы-оператор Қазбек Әмержанов, композитор Әбілқайыр Жарасқан және режиссер мен актер ретінде Дәстен Шәкіров атсалысты.

Еске сала кетсек, «Қараман» биылғы жылы маусымнан қазан айына дейін түсірілген. Оған Асан Мәжит, Марат Абай-Ділда, Филип Волошин, Райхан Айтқожанова және Жұлдыз Сапарғалиева қатысты.

 

Alan cinema production @alancinema представляет: приключенческий мистический триллер "Караман" (рабочее названия: Резерват. Черные копатели) Автор идеи - Марат Абдуллаев@marat_abdullayev Генеральный продюсер - Мурат Бекмуратов @m.bekmuratov Исполнительные продюсеры - Ришат Адильбеков @rishat_adilbekov , Айдай Джамбоева @aidai.dzh Режиссер - Дастен Шакиров @dastenshakirov Оператор-постановщик - Казбек Амержанов @kazbek_amerzhanov Автор сценария - Мейрмани Нурлыбек @meirmani Тимур Жаксылыков. В ролях: Дастен Шакиров @dastenshakirov Филип Волошин @philip_voloshin Ержан Нусипакынов @nusipakynoverzhan Марат Абдуллаев @marat_abdullayev Марат Абай-Дильда @maratik.ad Мурат Бекмуратов @m.bekmuratov . А так же: Асан Мажит @majit_assan Композитор Абулхаир Жараскан @abilkaiyr.zharasqan #казахстан #алматы #казкино #кзкино #новое #кино #2017 #2018

Публикация от A L A N C I N E M A (@alancinema)

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер