È

2018 жылғы қаңтардың үздік 7 трейлері

2018 жылғы қаңтардың үздік 7 трейлері

Қаңтар айы түрлі жанрдағы отандық жұмыстармен қызықтырды: тарихи блокбастер, шектеусіз комедия және дәстүрлі үздік анимация. Таяу арада көрермендерді танымал жұлдыздардың жаңа жобалары қуантатын болады. Дженнифер Лоуренс, Алисия Викандер және Брюс Уиллис көрермендермен қауышуға әзір. DC-дің отбасылық қызықты анимациялары ешкімге зиян келтірмейді, керісінше көңілді көтереді. Кинода кездескенше!


7. «Қашқарияға саяхат»

Режиссері: Жасұлан Пошанов

Мемлекеті: Қазақстан

Жанры: тарих, шытырман

«Қашқарияға саяхат» трейлерінің ықшамдалған үзіндісінде фильмнің басты идеясы Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға саяхаты екендігін көрсетеді. ХІХ ғасырдың шығыстық бояуы және әлемдік стандартқа сай блокбастер жасауға ұмтылыс қызығушылық тудырады. Шоқанның императормен кездесуі, саяхат орнының соңғы нүктесі және дарға асуға арналған сахна аз ғана көрсетіліген. Бұл қоспа идеяны ашпайды, тек қызықтыра түседі. Толық нұсқалы трейлерін күтеміз.

Айналымға шығатын уақыты: 2018 жыл

 

 

6. «Өлім тілеу»

Режиссері: Элай Рот

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: атыс-шабыс, триллер, драма, қылмыстық

«Өлім тілеу» трейлері Брюс Уиллисті әдеттегідей, жақсы күйде көрсетеді және фильм күтпеген қызықты сюжеттерге толы. Элай Рот қару алуға мәжбүр болған, қарапайым жігіт жайлы 70-80 жылдардағы танымал франшизаны іске қосады. Басты кейіпкердің мамандығын архитектордан хирургқа ауыстырып, Уиллистің қиял-ғажайып ілімін қосып, өлтірушіні іздеу үшін кек алушыны Чикаго көшесіне шығарады. Қарулы, қауіпті, керемет және үлкен экраннан көруге тұрарлық.

Айналымға шығатын уақыты: 2018 жылдың сәуір айы

 

5. «Мұзбалақ»

Режиссерлары: Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы

Мемлекеті: Қазақстан

Жанры: анимация

Отандық «Мұзбалақ» анимациялық трейлерінің өз міндетін толық орындауы сирек кездесетін жағдай. Екі жігіттің роликтің басында ұшу сұлулығын көрсететін бүркітті іздеп жүрген сюжеті анық бейнеленген. Жағымсыз кейіпкерлер де өте әсерлі шыққан. Анимацияның деңгейі «Арыстан патша» немесе «Мулан» сияқты жоғары деңгейлі классикаларды еске түсіреді. Таспада мағыналы әрі қызықты қадамдар көп екені сезіледі.

Айналымға шығатын уақыты: 2018 жыл

 

 

4. «Миымды ашытпаңыздаршы»

Режиссері: Джами Бейсенов

Мемлекеті: Қазақстан

Жанры: комедия, шытырман

«Миымды ашытпаңыздаршы» трейлерінде сюжеттің барлық маңызды тұстары айқын көрінеді. Шри-Ланкаға келген әке жағымсыз істерге әуес. Жауапты каскадер қызы әкесін жергілікті түрмеден және жас жігіттен құтқаруға дайын. Сондай-ақ, аралдағы түсірілім кезіндегі көріністе тағы бірнеше қазақтар бар. «Қазақпыз ғой» деген тіркес хэштегпен насихаттауға лайықты.

Айналымға шығатын уақыты: 2018 жылдың наурыз айы

 

 

3. «Жас алпауыттар, алға!»

Режиссерлары: Аарон Хорват, Питер Райда Михаил

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: анимация, фантастика, атыс-шабыс, комедия, отбасылық

«Жас алпауыттар, алға!» трейлері алғашқыда көрермендер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. DC комикстеріндегі хикаяларды бейімдеу бұл жолы «Әділдік Одағы» деңгейінде емес, достық пен шытырман туралы әңгіме арқылы көрермендердің қызығушылығын тудыруға тырысады. Қаһарман болу ішін не істеу керек? Бұл - фильмді көргеннен кейін балалардың көпшілігінде туындайтын сұрақ. Мәзірі қарапайым - ең батыл әрі жігерлілерді жинап, содан кейін зұлымдықпен күресіп, бүкіл Жер тұрғындарын құтқару.

Айналымға шығатын уақыты: 2018 жылдың шілдесі

 

 

2. «Қызыл торғай»

Режиссері: Френсис Лоуренс

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: триллер

«Қызыл торғай» трейлерін басты рөлді сомдаған Дженнифер Лоуренстің жанкүйерлеріне ұсынуға әбден болады . Лоуренс – тек сәнді бикеш қана емес, ол екі ойынды да қатар жүргізетін алаяқ. Кадрда кекесінді азайтып, қатыгез ресейлік көліктердің бейнесін сипаттайды. Лоуренс кейіпкердің түрімен, жанымен, сиқырлы күштерімен және мақсатына қарай тоқтамастан әрекет ету қабілетімен жұмыс істейді.

Айналымға шығатын уақыты: 2018 жылдың сәуірі

 

 

1. «Tomb Raider: Лара Крофт»

Режиссері: Роар Утхауг

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: атыс-шабыс, шытырман

Экшн-жанрда Алисия Викандерге Анджелина Джолидің атақ-даңқы керек болғанына күмәнім бар. «Tomb Raider: Лара Крофт» трейлері актрисаның мінезі мен әдемі физикалық мүсінін көрсетеді. Лара Крофттың толық тарихи шытырманы көрсетілмеген, ал Утхауг режиссер ретінде түпнұсқа материалдан ауытқымайды. Бұл өте маңызды, себебі фильмнің жанкүйерлері ауқымды шығарылыммен сатылатын аттас компьютерлік ойындармен бірдей қабылдайды. Викандердің кадрда харизмасы мен интеллектісінің бірігуі өте жақсы.

Айналымға шығатын уақыты: 2018 жылдың наурызы

 

 

 

Сергей Бутаков

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Бахтияр Турлыханов

29 января 2018, 10:22

ждем выхода "Tomb Raider: Лара Крофт", Алисия Викандер прекрасна!

Дания Кузембаева

2 февраля 2018, 12:50

Жду выхода фильма «Путешествие в Кашгарию»)

Мырзахмет

24 наурыз 2018, 01:39

Ничего не знаю больше всех жду Путешествие в Кашгарию.

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер