È

Аптадағы тұсаукесерлер: Өмірде бәрі болады

29 қарашадан басталатын аптадағы тұсаукесерлер

Осы демалыста киномандарды әсерлі шытырман оқиғалар күтеді. «Тілек тіле», «Барлығы немесе ештеңе», «Жолсерік» адреналин сезінуге мүмкіндік береді. Өткенге сапар шегуді қалайтындар үшін «Колетт», «Робин Гуд: Бастама» картиналары бар. Ал «Суспирия» триллері көрермендерді қорқытатын болады.

 

«Тілек тіле»

Қазақстандағы тұсаукесер: 29.11.18

Мемлекеті: Қазақстан

Режиссері: Айбек Жансейітов

Рөлдерде: Индира Еділбаева, Бауыржан Сатов, Асылбек Мұсабеков

Жанры: комедия, экшн

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Сюжетте тамаша өмір сүруді армандайтын бойжеткен туралы баяндалады. Бір күні оған періште келіп, барлық арманды орындайтын сиқырлы қалам сыйлайды. Сол сәттен бастап кейіпкердің өмірінде әсерлі шытырман оқиғалар басталады.

 

«Колетт»

Қазақстандағы тұсаукесер: 29.11.18

Мемлекеттері: Ұлыбритания, Венгрия, АҚШ

Режиссері: Уош Уэстмоленд

Рөлдерде: Кира Найтли, Элинор Томлинсон, Доминик Уэст, Фиона Шоу

Жанры: комедия, экшн

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Дарынды жазушы Сидони-Габриэль Колетт күйеуінің атынан романдар жаза бастайды. Шығармалары бестселлер бола бастайды, күйеуі Колеттен кезекті романды өз атынан жазуды сұрағанда, ол бас тартады да, шығармашылық тәуелсіздікті сезіну үшін көлеңкеден шығуды қалайды.

 

«Робин Гуд: Бастама»

Қазақстандағы тұсаукесер: 29.11.18

Мемлекеті: АҚШ

Режиссері: Отто Батхёрст

Рөлдерде: Тэрон Эджертон, Джейми Фокс, Бен Мендельсон, Ив Хьюсон, Джейми Дорнан

Жанры: шытырман, атыс-шабыс фильмі

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Кірес жорығының ардагері Робин Англияға келе салысымен, бұл елде жемқорлықтың өршігенін байқайды. Қоғамды құтқару мақсатында ол жұмбақ қарақшы-батыр болып, жаппай көтерілісті бастайды.

 

«Жолсерік»

Қазақстандағы тұсаукесер: 29.11.18

Мемлекеті: Ресей

Режиссері: Илья Максимов

Рөлдерде: Александра Бортич, Евгений Цыганов, Александр Робак, Вячеслав Разбегаев, Владимир Яглыч

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сюжет Катя есімді бойжектеннің айналасында өрбиді, оның елестерді көре алатын қасиеті бар. Бір күні оның егіз әпкесі жоғалып кетеді, Катя өзіндік тергеу жүргізіп, қалада маньяктың барын біледі. Катя әпкесін құтқара ала ма екен?

 

«Ағайынды Систерстер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 29.11.18

Мемлекеттері: Франция, Испания, Румыния, АҚШ

Режиссері: Жак Одиар

Рөлдерде: Хоакин Феникс, Джон Си Райли, Джейк Джилленхол, Рутгер Хауэр, Кэрол Кейн

Жанры: драма, комедия, қылмыстық, шытырман, вестерн

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ағайынды Систерстер командордың бұйрығы бойынша Уормның сазайын тартқызулары қажет. Бір қарағанда тапсырма оңай көрінеді, бірақ Уорм шындығында, ағайындылар ойлағаннан да мықты болып шығады. Енді кейіпкерлер арасында шайқас басталады, бұл соғыста бір жақ қана жеңуі тиіс.

 

«Барлығы немесе ештеңе»

Қазақстандағы тұсаукесер: 29.11.18

Мемлекеті: Ресей

Режиссері: Илья Максимов

Рөлдерде: Кирилл Каганович, Роман Курцын, Данила Якушев, Артур Смольянинов, Юрий Стоянов

Жанры: комедия, шытырман

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Үш кеңсе қызметкері бірігіп, бастығынан қомақты қаржы ұрлап алуды ұйғарады, бірақ ақшаның иесі мүлдем басқа адам болып шығады. Жоспар бұзылды және олар ірі мәселелерге тап болды.

 

«Суспирия»

Қазақстандағы тұсаукесер: 29.11.18

Мемлекеті: АҚШ

Режиссері: Лука Гуаданьино

Рөлдерде: Дакота Джонсон, Тильда Суинтон, Дорис Хик, Малгоша Бела, Хлоя Грейс Морец

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Арман қуған бойжеткен кәсіби балериналарға арналған берлиндік мектеп-интернатқа оқуға түседі. Кейін оқу ғимаратында бір түрлі құбылыстардың болып жатқанын байқайды. Кейіпкер мектептің мыстандар мекеніне айналғанын біледі, енді оның өміріне қауіп төніп тұр.

 

Көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан таңдауға болады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

30 қараша 2018, 00:49

Ну список яркий.

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер