È

Аптадағы тұсаукесерлер: Махаббат кінәлі

25 қаңтардан басталған апта тұсаукесерлері

Синоптиктер осы аптада аяз болады дегенімен, қазақстандықтар киножаңалықтарды көріп, жылына алады. «Махаббатпен» қылмыстық комедиясы, «Лабиринтпен жүгірушінің» екінші бөлімі және «ТНТ» жұлдыздарының әзілі көрініс тапқан «Zомбожәшік» фильмі көрермендермен қауышуға асық.


«Махаббатпен»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.01.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Александр Гольцев

Рөлдерде: Әлішер Түлтаев, Мария Королёва, Фархат Әбдірайымов, Роман Альманский, Гүлнар Сильбаева

Жанры: комедия, мелодрама, қылмыстық

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Руслан Светаны жолықтырып, жүрегін жаулап алуға тырысады. Ол ақшаның көмегіне жүгінеді. Руслан қылмыстық топтан қарызға ірі ақша алып, қауіпті ойынға кіріп кеткенін байқамай қалады.

 

«Zомбожәшік»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.01.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Константин Смирнов

Рөлдерде: Гарик Харламов, Тимур Батрутдинов, Гарик Мартиросян, Павел Воля

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

«ТНТ» жұлдыздары көк экранның әлемді жаулап алғанын дәлелдеу үшін бірікті. Билік те, дін қызметшісі де, тіпті, сіз де - ешкім олардың әзілінен таса қалмайды.

 

«Тумандағы бойжеткен»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.01.2018

Мемлекеті: Италия, Германия, Франция, 2017

Режиссері: Донато Карризи

Рөлдерде: Тони Сервилло, Жан Рено, Алессио Бони, Лоренцо Рикельми

Жанры: триллер, қылмыстық

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Альпыдағы кішкентай ауыл жұмбаққа толы оқиғалар мекеніне айналады. Анна есімді 16 жасар қыз із-түссіз жоғалып кетті. Жасөспірім ісімен тыңшы Фогель айналысады, ол ауылда сериялық маньяктың жүргеніне сенімді.

 

«Лабиринтпен жүгіруші: Өлімге қарсы дәрі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.01.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Уэс Болл

Рөлдерде: Роза Салазар, Эйдан Гиллен, Дилан О`Брайен, Кая Скоделарио

Жанры: фантастика, атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Томас достарымен бірге қауіпті лабиринттердің бірі Соңғы қалаға аттанады. Егер жігіттер аман қалса, оларға жылдар бойы іздеген сұрақтардың жауабы беріледі.

 

«Риодан қашу»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.01.2018

Мемлекеті: Франция, 2016

Режиссері: Патрик Милле

Рөлдерде: Ванесса Гуид, Элисон Вилер, Чико Диаз, Сюзана Пирес

Жанры: комедия, шытырман

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Үш құрбы қыз таныстарының үйлену тойына Рио-де-Жанейроға ұшып келеді. Қыздар әлемнің қызыққа толы қаласында керемет көңіл көтеруді ұйғарады. Бірақ, көңілді кештерден бөлек, оларды қашу мен атыстың күтіп тұрғанын кім білген?!

 

«Сталин өлімі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.01.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, Франция, 2017

Режиссері: Армандо Ианнуччи

Рөлдерде: Ольга Куриленко, Руперт Френд, Джейсон Айзекс, Стив Бушеми

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

5 наурыз күні Кеңес одағының көшбасшысы Иосиф Сталин өмірден өтті. Әйгілі көсем кеткен соң, барлығы билікке таласа бастайды. жарыс қатысушылары қалайда дегендеріне жетуге тырысады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер