È

Аптадағы тұсаукесерлер: Ғажайыптың келер кезі жақын

15 қарашадан басталған аптадағы тұсаукесерлер

Бұл күнді киномандар асыға күтті! Қазақстандық айналымға «Фантастикалық мақұлықтар: Грин-де-Вальд қылмысы» шығады. Қорқынышты фильм жанкүйерлері де назардан тыс қалмақ емес, себебі ауқымды экранға «Қорқыныштан есінен айырылғандар» және «Соната» картиналары шықпақ. Кішкентай көрермендер үшін бұл апта «Қиян шетке: Бір мүйізді жануарды іздеу» анимациялық фильмімен есте қалады.

 

«Фантастикалық мақұлықтар: Грин-де-Вальд қылмысы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.11.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ, 2018

Режиссері: Дэвид Йейтс

Рөлдерде: Эдди Редмэйн, Кэтрин Уотерстон, Дэн Фоглер, Элисон Судол, Эзра Миллер

Жанры: отбасылық, фантастика

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Хогвартс түлегі, сиқырлы зоолог Нют Скамандердің хикаялары жалғасады. Қатал әрі құдіретті сиқыршы Грин-де-Вальд қамаудан босап шығып, одан сайын күшейіп кетті. Енді басты кейіпкер жауызға қарсы тұру үшін Альбус Дамблдорды табуы тиіс.

 

«Бөтен емес»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.11.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Вера Глаголева

Рөлдерде: Санжар Мәди, Татьяна Владимирова, Лилия Волкова, Анна Капалева

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильмдегі оқиға 90-жылдары Ресейдің бір түкпірінде өрбиді. Әпкелі-сіңлілі Галя мен Мила бір ер азаматқа ғашық болып, бір-біріне бәсекелес болады. Махаббаттарынан бастары айналған әйелдер балаларының жоғалғанын да бірден аңғармай қалады.

 

«Соната»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.11.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, Франция, Латвия, Ресей, 2018

Режиссері: Эндрю Десмонд

Рөлдерде: Фрея Тингли, Рутгер Хауэр, Брюс Дэвисон, Саймон Акбарян

Жанры: детектив, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Жас скрипкашы Розаға композитор әкесі Ричард Марлоудан мұраға жекежай қалады. Бір күні бойжеткен үйден тылсым композицияны тауып алады да, оның құпиясын ашпақ болады, содан кейін отбасындағы қорқынышты бір құпияны біліп қояды.

 

«Шырғанақ жаз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.11.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Виктор Алферов

Рөлдерде: Андрей Мерзликин, Кирилл Рубцов, Сергей Агафонов, Сергей Каплунов, Анна Перелешина

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Хикая танымал драматург Александр Вампиловтың өміріне негізделген. Қала өмірінен шаршаған Александар туған жері Байкалға барады, сол жақта туған күніне екі күн қалғанда қайтыс болады.

 

«Менің жігіттерім – жануарлар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.11.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Фини Тейлор

Рөлдерде: Кейт Микуччи, Джастин Чатвин, Стив Хоуи, Иллиана Даглас, Шон Эстин

Жанры: комедия, фантастика

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Эмманың жеке өмірі керемет емес. Бірнеше сатқындықтан кейін, ол адамдарға сенуден қалды. Бір күні оның иті мен мысығы мінсіз жігіттерге айналады, содан кейін Эмма қайтадан айналасындағыларға сеніп, өмір сүруді үйрене бастайды.

 

«Қиян шетке: Бір мүйізді жануарды іздеу»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.11.2018

Мемлекеті: Үндістан, 2017

Режиссері: Камал Бансал

Жанры: шытырман

Жас шектеуі: жоқ

Саяхатшы Чарльз Уиллард кезекті экспедицияда жоғалып кетеді. Оның балалары Мелоди мен Макс әкелерін іздеуге кіріседі. Оларға өнертапқыш Шонку мен оның үй роботы Эви көмекке келеді. Барлығы бірге қар жауынгерлері патшайымының құпия әлемін зерттеп, тіпті бір мүйізді жануарлар өмір сүретін «Армандар бақшасы» атты жұмбақ жерге тап болады. Кейіпкерлер Чарльзды таба ала ма екен?

 

«Қорқыныштан есінен айырылғандар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.11.2018

Мемлекеті: Аргентина, 2017

Режиссері: Демиан Рунья

Рөлдерде: Ариэль Чаваррия, Максимилиано Гионе, Норберто Гонсало, Уго Албрич

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бір-бірімен көрші тұратын үш отбасы жақта болған сұмдық оқиғалар жергілікті тұрғындарды үрейлендіреді. Бір үйде жын-шайтан күйеуінің көзінше әйелін өлтіреді. Ал қарама-қарсы үйде көлік қағып кеткен бала қайта тіріледі. Үшіншісінен төсектің астынан құбыжық шығады. Осындай түсініксіз жағдайларды зерттеуге тылсым күштердің үш маманы және өлімді тергеу бөлімінің детективі кіріседі.

 

Фильмдердің көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан таңдауға болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер