È

Аптадағы тұсаукесерлер: Махаббат уақыты

6 сәуірден басталған апталық тұсаукесерлер

Осы апта кино тұсаукесерлеріне толы болмақ. Бұл жолы көрермендердің назарына Морган Фриманның қатысуымен «Уйти красиво» комедиясы, Тимур Бекмамбетовтың «Время первых» продюсерлік жобасы және екі қазақстандық фильм «Соқыр махаббат» пен «Знакомьтесь, Ибалы» ұсынылады.

«Слепая любовь»

Қазақстандағы тұсаукесер: 06.04.2017

Мемлекет: Қазақстан, 2017

Режиссері: Данияр Саид

Рөлдерде: Ренат Басит, Сиви Махмуди, Ербол Шарипов, Нұртас Айдарбеков

Жанры: мелодрама

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Арлан - қылмыстық әлемге түсіп кеткен спортшы, Әнел - ата-анасынан және көлік апаты салдарынан қос жанарынан айырылған бойжеткен. Кейіпкерлер бір-бірін көріп, ғашық болады. Алайда, Арланның өткен өмірі оларға кедергі келтіреді. Өзгенің өмірін ойрандату арқылы жарқын да бақытты болашақ құра ала ма?

 

«Знакомьтесь, Ибалы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 06.04.2017

Мемлекет: Қазақстан, 2017

Режиссері: Дарханбек Кальменов

Рөлдерде: Арна Мақұлбек, Нұрқанат Молдахан, Саят Исембаев

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Астанаға ауылдан жуас әрі момын қыз Ибалы келеді. Бірінші күннен-ақ ол Алемгер есімді жігітпен танысады. Ол жігіт астанада орналасуына көмектеседі. Жастар арасында махаббат оты тұтанады, алайда бұл бақыт ұзаққа созыла қоймайды. Қалаға қыздың ауылдағы ессіз жігіті келеді.

 

«Уйти красиво»

Қазақстандағы тұсаукесер: 06.04.2017

Мемлекет: АҚШ, 2017

Режиссері: Зак Брафф

Рөлдерде: Морган Фриман, Алан Аркин, Майкл Кейн

Жанры: комедия, қылмыстық фильм

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Үш зейнеткердің басынан қиын жағдайлар өтеді, олардың зейнетақылары салынған банк уақытша жабылып қалады. Қарт джентльмендер әділдік заңына үйреніп қалғандықтан, банкты тонап, өз ақшаларын қайтарып алуды көздейді. Бірақ, үшеуі де қалай тонайтынын білмейді, тіпті, қару қолданудан да бейхабар еді...

 

«БайБайМэн»

Қазақстандық тұсаукесер: 06.04.2017

Мемлекет: АҚШ, 2017

Режиссері: Стэйси Тайтл

Рөлдерде: Люсьен Лависконт, Даг Джонс, Дуглас Смит

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Джон, Эллиот және Саша студенттер қалашығынан бір ескі үйге келеді. Алайда, жігерлі жігіттер жақында «бай бай адам» атты жауыз рухтың оянып, олардың басына қауіп төндіретінін білмейді. Рух атын атаған адамға шабуылдайды екен. Кейіпкерлер өздерін ғана емес, сол маңда тұратын халықты да құтқаруға тиіс болады.

 

«Время первых»

Қазақстандық тұсаукесер: 06.04.2017

Мемлекет: Ресей, 2017

Режиссері: Дмитрий Киселёв

Рөлдерде: Константин Хабенский, Евгений Миронов, Анатолий Котенёв

Жанры: шытырман оқиғалы фильм, триллер

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Сұрапыл соғыс жылдары. АҚШ пен КСРО ғарышқа кімнің бірінші ұшатыны жөнінде таласады. Кеңес кезеңінің кезекті кемесі апатқа ұшырайды, бірақ апат салдарын анықтап отыратын уақыт та жоқ. Бар күшін салып, кеңес халқы ғарышқа бірінші ұшу үшін әскери ұшқыш Павел Беляев пен оның серіктесі Алексей Леоновты жібереді.

«Последствия»

Қазақстандық тұсаукесер: 06.04.2017

Мемлекет: АҚШ, 2017

Режиссері: Эллиот Лестер

Рөлдерде: Арнольд Шварценеггер, Кевин Зегерс, Ханна Уэр, Мэгги Грэйс

Жанры: драма, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сұмдық әуе апаты салдарынан Роман әйелі мен бала-шағасынан айырылады. Азамат апатқа кінәлі адамдарды тауып, солардың көзіне тіке қарауға асығады. Ұзақ ізденістен соң, ол апат кезінде рөлде отырған әуедиспетчерін табады.

 

«Уна»

Қазақстандық тұсаукесер: 06.04.2017

Мемлекет: Ұлыбритания, АҚШ, Канада, 2016

Режиссері: Бенедикт Эндрюс

Рөлдерде: Руни Мара, Бен Мендельсон, Риз Ахмед, Наташа Литтл

Жанры: драма, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Уна аяқ астынан бұрынғы жігітін жолықтырып қалады. Сезімге ерік беріп ол 15 жыл бұрын сол жігітімен үйінен қашып кеткен еді. Бүгінде өзі ақыл тоқтатқан әйел болса, бұрынғы жігіті үлгілі отағасы атанған. Кенеттен кезедсіп қалған екеуі өмірлерін түбегейлі өзгертетін астыртын сезімге бой алдырады.

 

«Война»

Қазақстандық тұсаукесер: 06.04.2017

Мемлекет: АҚШ, 2017

Режиссері: Дито Монтиель

Рөлдерде: Джай Кортни, Шайа Лабаф, Пол Садо, Кейт Мара

Жанры: драма, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Гэбриэл Драммер Ирактағы кезекті әскери компанияның бірінен үйіне оралады. Алайда, оның отаны танымастай өзгерген, бүгінде бұл жақты мықтылар мен жауыздар басқаратын болған. Осындай жағдайда ол өз шаңырағын, әйелі мен ұлын табуға бар күшін жұмсайды.

 

«Королева Испании»

Қазақстандық тұсаукесер: 06.04.2017

Мемлекеті: Испания, 2016

Режиссері: Фернандо Труэба

Рөлдерде: Пенелопа Крус, Хавьер Камара, Чино Дарин, Кэри Элвис

Жанры: комедия, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Макарена Голливудты бағындырып, өз отанына оралады. Әскери сатыдан өткен Испанияда өмірін жаңа парақтан бастайды. Макарена бір фильмде патшайым рөлінде ойнауға келісімін береді, бірақ оның өткен өмірі қайта-қайта алдынан шыға береді.

 

«Возьми меня штурмом»

Қазақстандық тұсаукесер: 06.04.2017

Мемлекет: Франция, Бельгия, 2016

Режиссері: Дэни Бун

Рөлдерде: Мишель Блан, Алис Поль, Сабин Азема, Дэни Бун

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Француз арнайы жасағына әдемі полиция қызметкері келеді. Бойжеткен барлық ер азамат әріптестерін өзіне ғашық қылады. Тек әйел адамға полицияда орын жоқ деп есептейтін отряд командирінің ғана қабағы ашылмайды. Екеуінің әрқайсысы өзінікін дұрыс деп санайды. Бірақ, зұлымдық пен махаббат арасы бір-ақ қадам екенін есте шығармаған жөн.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер