È

Апта тұсаукесерлері: Жырақтағы кездесу

Апта тұсаукесерлері: 22 қыркүйек

Осы аптада прокатқа отандық «04:29» мелодрамасы шығады, осылайша қазақстандық тұсауесерлердің күзгі шеруі басталмақ.

«04:29»

Қазақстандық тұсаукесер: 22.09.2016

Елі: Қазақстан, 2016

Режиссер: Мереке Мұқан

Рөлдерде: Ербол Семқұлов, Карина Габриэль

Жанр: мелодрама

Жасына қарай шектеу: 14 жасқа дейін

Әлихан жақында өзінің бұл өмірмен, қаладағы у-шумен қоштасатынын түсінеді. Тезірек қоштасу үшін рол көпірдің шетіне келеді.Сол кеште тура сол жерге Ажар атты ару да келген еді. Ол да бұл өмірден әбден жалыққан еді. Көпір шетіндегі кездесу олардың тағдырларын өзгертеді, бірақ қыз бен жігіт бір бола ала ма?

«Великолепная семерка»

Қазақстандық тұсаукесер: 22.09.2016

Елі АҚШ, 2016

Режиссер: Антуан Фукуа

Рөлдерде: Дензел Вашингтон, Крис Пратт, Итан Хоук, Винсент Д’Онофрио, Ли Бён-хон, Мануэль Рульфо, Мартин Сенсмейер, Хейли Беннетт, Питер Сарсгаард, Люк Граймс

Жанр: атыс-шабыс, вестерн

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Жеті батыл ковбой қаланы қауіпті тонаушылардан қорғауды қолға алады.

«Аисты»

Қазақстандық тұсаукесер: 22.09.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссерлер: Николас Столлер, Даг Свитлэнд

Рөлдерде: Энди Сэмберг, Кигэн-Майкл Ки, Келси Грэммер, Джордан Пил, Кэти Краун

Жанр: мультфильм, комедия, отбасылық

Жасына қарай шекету: 6 жасқа дейін

Джуниор - сәбилерді әкеп беретін ең үздік құтан. Ол бірде күтпеген жерден Дето-Наторды қосып қалады. Дүниеге сүйкімді сәби келеді. Балаға отбасын табу үшін Джуниор мен Лютик баланың болашақ ата-анасын іздеуге шығады. Люти құстар арасындағы жалғыз адам.

«Искусственный интеллект. Доступ неограничен»

Қазақстандық тұсаукесер: 22.09.2016

Елі: Франция, Ирландия, 2016

Режиссер: Джон Мур

Рөлдерде: Анна Фрил, Пирс Броснан, Стефани Скотт, Микаэл Нюквист, Джеймс Фрешвилл, Клэр-Хоуп Эшити, Джейсон Бэрри, Адам Фергус, Брюс Джонсон, Рико Симонини

Жанр: триллер, драма

Жасына қарай шекету: 16 жасқа дейін

Майк Риганның үйі соңғы техникамен түгелдей жабдықталған. Алайда Майк өз қызының IT-смаманмен арасындағы байланысты үзбек болғанда Риган мен оның отбасына «ақылды» үй қауіп төндіреді.

«Крейсер»

Қазақстандық тұсаукесер: 22.09.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Марио Ван Пиблз

Рөлдерде: Николас Кейдж, Том Сайзмор, Томас Джейн, Мэтт Лантер, Вероника Розати, Коуди Уокер, Брайан Прэсли, Эмили Теннант, Каллард Харрис, Эмили Мари Палмер

Жанр:атыс-шабыс

Жасына қарай шектеу:18 жасқа дейін

1945 жылдың жазында, Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында крейсер ВМС АҚШ «Индианополис» Тиниан аралына жеткізіледі. Оны жапондар қағып түсіреді. Капитан Маквэя көмекке шақырғанда ешкім оларға жауап қатпайды. Топ мүшелері шыжыған күннің астында, аш қалады, акулалардың ортасында тірі қалудың амалын жасайды, олар тозаққа түскендей күй кешеді.

«Такса»

Қазақстандық тұсаукесер: 22.09.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Тодд Солондз

Рөлдерде: Дэнни ДеВито, Заша Мэмет, Китон Найджел Кук, Трэйси Леттс, Жюли Дельпи, Грета Гервиг, Киран Калкин, Ригоберто Гарсиа, Аральдо Альварес, Дэйн Викторианио

Жанр: комедия

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Бір иесінен екінші иесіне ауысып жүретін такса туралы өте әсерлі, қызықты оқиға. Ол кімнің орнында болмады десеңізші: бала күтушісі, психолог, тіпті авантюралық әрекеттің де қатысушысы болды. Кінәсіз такса адам сезімдерінің шырмауында қалады. Ит сынақтан өте ала ма, қандай жағдайда да ол иесіне адал болып қала ала ма?

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Нұрлан Әлімжанов

Актер