È

Апта тұсаукесерлері: Оқиға кепілдері

Апта тұсаукесерлері: оқиға кепілдері

Жаздың алғашқы күндерінде батыл да, тапқыр, төбелес өнерінің қыр-сырын меңгерген тасбақалар туралы фильмдер көрсетіледі. Прокатқа Канн фестивалінің байқаудан тыс картинасы «Финансовый монстр» да шықты. Үміт ақталатын секілді.

«Черепашки-ниндзя 2»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.06. 2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Дэйв Грин

Рөлдерде: Меган Фокс, Стивен Амелл, Алан Ричсон, Уильям Фихтнер, Ноэль Фишер, Лора Линни, Уилл Арнетт, Джонни Ноксвил

Жанр: фантастика, фэнтези, боевик, комедия, шытырман оқиға

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Батыл тасбақа-ниндзялар Нью-Йоркті қауіптен қорғау үшін қайта оралады.

1990 жылы «Черепашки-ниндзя» фильмінде Эйприл О’Нилдің рөлінде ойнаған актриса Джудит Хоаг («Армагеддон», «Хичкок») жаңа комикс жалғасының эпизодында пайда болды.

«Финансовый монстр»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.06. 2016

Елі, АҚШ 2016:

Режиссер: Джоди Фостер

Рөлдерде: Джордж Клуни, Джулия Робертс, Джек О’Коннелл, Доминик Уэст, Катрина Балф, Джанкарло Эспозито, Кристофер Денэм, Ленни Венито, Кристофер Бауэр, Деннис Буцикарис

Жанр: триллер, драма, криминал

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Ли Гейтс – тележүргізуші және қаржылық кеңесші, Гейтстің кеңесіне құлақ асам деп жинаған қаржысынан айрылып қалған адам оны кепілдікке алады. Кегін алу үшін ол тікелей эфирде Гейтсті өлтірем деп жар салады. Мыңдаған көрермен оқиғаның соңы немен тынар екен деп бақылап отырады, өйткені әркімді адамның құны қанша деген сұрақ мазалайды.

Джорджа Клуни («От заката до рассвета») мен Джулии Робертс («Мачеха») үшін бұл фильм бірлескен төртінші жоба. Олар бұған дейін «Одиннадцать друзей Оушена, «Двенадцать друзей Оушена» және «Признания опасного человека» атты фильмдерге бірге қатысқан болатын. 2013 жылы Клуни «Август» фильмінің продюсері болған, онда Робертс басты рөлде ойнаған болатын.

 

«Мой парень – киллер»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.06. 2016

Елі: АҚШ, 2015

Режиссер: Пако Кабесас

Рөлдерде: Анна Кендрик, Тим Рот, Энсон Маунт, Сэм Рокуэлл, Джеймс Рэнсон, Майкл Эклунд, Дуглас М. Гриффин, RZA, Луис Да Силва мл., Елена Санчес

Жанр: боевик, мелодрама, комедия

Жасқа қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Жігітінің көзіне шөп салғанынан әбден көңіді қалған Марта бір көргенде керемет жігітті кездестіреді. Бірақ қыз ғашығының бұрынғы киллер екенінен бейхабар. Марта армандаған махаббат оқиғасы басқа еді, бірақ жігітінің криминалдық өткен өмірі көлеңкесін түсірмей қоймайды. Бір жыл бұрын Сэм Рокуэлл және Анна Кендрик «В поисках огня» картинасының түсірілім кезінде түірілім алаңында кездескен болатын.

«Лихорадка»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.06. 2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Трэвис Заривны

Рөлдерде: Гейдж Голайтли, Мэттью Даддарио, Сэмюэл Дэвис, Надин Крокер, Дастин Ингрэм, Рэнди Шульман, Джордж Гриффит, Тим Заджарос, Аарон Трэйнор, Луиз Линтон

Жанр: қорқынышты фильм

Жасқа қарай шектеу: 18 жас

Бес түлекті қала шетіндегі көлдің жағасындағы үйге жібереді. Жастардың ойында таңға дейін қыдыру, көңіл көтеру. Бірақ олар көп ұзамай қатерлі вирустың құрбаны болатындықтарын сезбейді де.

Тақырып бойынша:

Премьеры недели: Сказки на ночь

Премьеры недели: Чужие люди

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер