New York Film Academy ұстаздары Алматыда екі күндік жеделдетілген курс өткізді
Алматыда КИМЕП университетінің негізінде Нью-Йорк кино академиясының ұйымдастыруымен алғаш рет қысқамерзімді тәжірибелік семинар өтті. Екі күн ішінде қатысушылар New York Film Academy академиясының білікті ұстаздары - продюсер Лидия Седроне мен кинодраматург Пол Брауннан қосымша пайдалы білім алды.
Мастер-класс киноөндірістің екі негізгі бағыты: сценарийлік шеберлік пен продюсерлеу бойынша өтті. Өткен сабақтар тек теория тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге, тәжірибелік тапсырмаларды қамтыды. Сол арқылы берілген материалдарды қабылдау, түсіну жеңіл болды. Академияның Қазақстандағы өкілі Әсел Зоя Нью-Йорк кино академиясының негізгі мақсаты студенттердің тәжірибесін арттыру болғандығын атап өтті.
{{begin_gallery}}
{{end_gallery}}
Голливуд мамандарының құпияларын білу мүмкіндігіне жас кинематографтар ғана емес, сонымен қатар, өз ісінің мамандары да ие болды. Дәріс тыңдаушылар арасында продюсер әрі актриса Әсел Сәдуақасова («Замуж в 30», «Келинка тоже человек»), сценарист және режиссер Рәзия Хасанова, сондай-ақ, SataiFilm продюсерлік орталығының, «Хабар» және «31» телеарнасының өкілдері болды.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін