Герольд Бельгер туралы фильм таныстырылды
Алматыдағы Қазаақстанның ұлттық кітапханасында аудармашы, публицист, қоға қайраткері Герольд Бельгерге арналған «Бельгер» атты деректі фильм танысытырлды. Картинаны режиссер Виктор Климов түсірген, продюсері Ермек Тұрсынов.
40-минуттық «Бельгер» лентасында публицистің балалық шағы, оның қазақстанға жер аударылуы, қазақ ауылындағы өмірі, жұбайы Раиса Хисматуллинамен кездесуі баяндалады. Фильмде Герольд Бельгердің өмірінң кейбір тұстары, ойлары театр актерлерінң ойыны арқылы суреттелген.
Кинолентаның режиссері әрі сценаристі Виктор Климовтың айтуынша, осы фильмді түсіру идеясы оның ойында ұзақ жүрген, кейін «Мосфильм» студиясы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысымен түсіруге кірісті.
«Фильмді түсіруге дайындық кезеңін қосқанда алты ай уақыткеткен. Түсірілім тобы керекті деректерді іздеу үшін Мәскеуге, Солтүстік Қазақстанға барды. Фильм бір жыл бойы «Қазақфильм» киностудиясының сөресінде жатты. Енді міне, алғаш рет осы аудиторияға көрсетіліп отыр. Мен картинаның неге көпшілікке тарлмай жатқанын білгім келді, бірақ менің бұл сұрағыма ешкім нақты жауап бермеді. Осы жолы Ермек Тұрсыновтың арқасында көпшілік назарына ұсынылып отыр», - деді Климов.

Кинокартинаны түсіруге журналистер, документалистер, Натальи Дубс режиссерлық ететін Неміс театрының актерлері атсалысты.
Салатанатты іс-шараға ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов арнайы келді.
«Бұл фильм менің досым герольд белгердң уайымдары мен тұңғиық ойларын есіме түсірді. Герольдты тақырып ретінде көтеріп, ұрпаққа тәрбие ретіне ұсынғаны үшін, оның есімін қоғамда және әдебиетте сақтап қалдыруға тырысқаны үшін Ермек Тұсыновқа алғыс айтамын. Өйткені Герольд жазбаларынан оқырман даналық, қазақ халқының жағдайын суреттейтін нақты сөздерді, бүгінгі Қазақстанды таба алады», - деп әсерімен бөлісті Олжас Сүлейменов.
Жазушы, драматург Дулат Исабеков деректі фильмнің кейбір кемшіл тұстарын байқапты.
«Табиғат көріністері өте көп, Бельгердің зрат басында,ы ескерткішінің қойылуы жайлы эпизодтар да көп. Сталин репрессиялары туралы айтудан қорықпау керек еді, Бельгерді институтқа, комсомолға қабылдағылары келмегені жайла да айтылғаны дұры болар еді. Міне, осыған ең болмағанда фильмде 5 минут бөлінгенде ғой», - дейді жазушы.

Көрсетілім алдында жұбайы Раиса Хисматуллинның қатысуымен Герольд Карловичтің жұмыс бөлмесінің мемориалды ашылуы болды. Ол жазушының жиһазы мен жеке заттарын - жазу үстелін, кітап сөрелерін, домбырасын, кітаптарын, фотоларын, марапаттарын және студенткезіндегі портфелін берген болатын.
Сондай-ақ дәл сол күні Ермек Тұрсынов Герольд Карлович Бельгердің «Плетенье чепухи» жинағының бірінші томын жарыққа шығарды.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін