«Пришельцы в ауле» көрерменге асығады
«Пришельцы в ауле» толықметражды фильмінің түсірілімі аяқталды. Трэш элементтері бар фантастикалық фильммен Samai Media кинокомпаниясы айналысты.
«Пришельцы в ауле» - өзге ғаламшардан келген үш тіршілік иесі жайлы, олар қазақ ауылдарының біріне табан тіреген. Адмзаттың тілін білмейтін өзге ғаламшарлықтар Марат есімді жігітпен танысады. Кинолента кейіпкерлерін ғарыштық шытырман оқиғалар күтіп тұр.

«Пришельцы в ауле» фильмінің түсірілімі
Картинаның түсірілімі Алматыда бір айдан астам уақытқа созылды.
Басты рөлдерді ойнайтын актерлердің есімі әзірге құпия. Алайда картраның түсіріліміне Кыдырәлі Болманов, Ұлыкпан Жолдасов, Өмірқұл Айниязов, Аллаберген Жақсыбаев.
Актерлық құрам мен түсірілім тобы жас әрі кретивті адамдардан тұрады, олар отандық киноөндіріске жаңашылдық әкелуге тырысады.
«Пришельцы в ауле» фильмі прокатқа биылғы жылдың желтоқсанында шығады деп жоспарланып отыр.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін