È

Baikonyr Short Film Festival жүлдегерлері «Үміт» кинофорумына қатысады

Baikonyr Short Film Festival жүлдегерлері «Үміт» кинофорумына қатысады

2018 жылдың 25 қазанында Бішкекте ТМД, Грузия мен Балтия елдерінің VI «Үміт» жас кинофорумы басталады. Кинокөрсетілімге отандық төрт қысқаметражды фильм қатысады: Шұғыла Сержанның «Самалы», Берік Жахановтың «Асаны», Әмір Әменовтің «Қыстың соңы» фильмі және Аян Бұғыбаевтың «Бір арман» картинасы.

«Самал» фильмінен көрініс
«Самал» фильмінен көрініс

ТМД елдерінің «Үміт» жас кинофорумы 2013 жылдан бері кинематографтағы жаңа есімдерді ашу, жас дарындыларды қолдау және кино кадрларын дайындайтын жоғары оқу орындарының арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізіліп келеді.

«Асан» фильмінен көрініс
«Асан» фильмінен көрініс

«Самал», «Асан», «Қыстың соңы» картиналары халықаралық байқаудың қатысушылары атанды, бұл байқауда Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Ресей, Татарстан мен Тәжікстан елдерінен келген 16 фильм таныстырылған. «Бір арман» таспасы деректі фильмдердің біріккен бағдарламасында ұсынылады.

«Қыстың соңы» фильмінен көрініс

Айта кетсек, халықаралық байқауда Қазақстанды таныстыратын фильмдер III Baikonyr Short Film Festival жүлдегерлері болып табылады. «Самал» драмасы «Үздік актриса» номинациясын, «Асан» картинасы «Үздік актер» номинациясын жеңіп алды, ал «Қыстың соңы» фильмі қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды.

«Үміт» байқауының жеңімпаздары 29 қазан күні белгілі болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер