È

Қазақстан халқының бірлігі күні - 1 мамырға арналған телебағдарлама

Қазақстан халқының бірлігі күні - 1 мамырға арналған телебағдарлама

Қазақстан халқының бірлігі күні – бұл отандастарымыздың табиғат аясында демалатын күні. Дегенмен, мерекелік демалысты үйде өткізгенді дұрыс деп санайтындарға арнап «Бродвей» кинопорталы көңіл-күйді көтеретін фильмдер топтамасын ұсынады.

«КТК» телеарнасы 2018 жылдың ақпан айында шыққан «Таиландтағы демалыс» фильмімен қуантады. Комедиялық таспа Таиландтағы қазақстандық студенттердің қызықтары жайлы тылсым оқиғаны баяндайды. Кейіпкерлерге билеттің қажеті жоқ, олар әжетхананың есігін ашып, мәңгілік жаз болатын елге тап болады. Картинаға Әлішер Утев, Қуаныш Жылжақсынов, Дидар Джексеков, Нұрлан Қоянбаев және Ғазрет Ержанов түсті.

Фильмнің көрсетілімі Астана уақытымен 21:00-де өтеді.

«НТК» ойын-сауық арнасы шетел өндірісінің фильмдерін көрсетеді. Телеарна эфирінен Мэтт Ризвтің «Маймылдар ғаламшары. Революция» фантастикалық блокбастерінің жалғасы ұсынылмақ. Цезарь басқарған генетикалық өзгеріске ұшыраған маймылдардың саны артуда және адамдарға ортақ келісімге келіп, ғаламшарда бірлесе отырып өмір сүргеннен басқа таңдау қалмады.

Фильм эфирге 12:10-да шығады.

«Маймылдар ғаламшары: Революция» фильмінен көрініс
«Маймылдар ғаламшары: Революция» фильмінен көрініс

«НТК» арнасы 19:30-да фантастикалық «Жаңа өрмекші адам» кинотаспасымен қуантпақ. Питер Паркер ағасы мен әпкесінің қолында тәрбиеленген қарапайым жетім бала болатын. Бір күні ол сыныбымен бірге экскурсияға барады және ол жерде оны мутант-өрмекші шағып алады. Осы оқиғадан кейін бала өзінің ерекше қабілеттерін байқай бастайды.

«Алматы» телеарнасынан көрермендер Стив Маккуиннің «12 жыл құлдықта» тарихи драмасын көре алады. Соломон Нортап - оқыған, Нью-Йорк қаласында тұратын жігіт. Ол Вашингтонда жұмыс істеу туралы ұсынысқа келіседі. Оны келгеннен кейін ұрлап кетеді және ол құлдықта болады. Фильм Соломон Нортаптың 1853 жылғы жарияланған өмірбаяны негізінде түсірілген.

Көрсетілім 17:00-де басталады.

«12 жыл құлдықта» фильмінен көрініс
«12 жыл құлдықта» фильмінен көрініс

«Хабар» телеарнасынан көрермендер Леонид Гайдайдың «Гауһар тасты қол» кинороманын көре алады. Қарапайым қызметкер және үлгілі отағасы Симон Семенович Горбунков қаладан гауһар тасты алып, қолына гипстеп алып кетпек болған қарақшылардың бірі Графпен бірге қозғалтқыш кемемен шетелге аттанады. Бірақ, күтпеген жерден ұрының орнына келісілген жерге ештеңеден сезіктенбеген Семен Семенович тап болады және бағалы гипсті оған таңып береді.

Фильмнің көрсетілімі 13:10-да басталады.

 

Жақсылап тамашалаңыздар!

 

Камиля Саитова

 

Превью: «Таиландтағы демалыс» фильмінен көрініс

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер