«АЛЖИР» әйелдер лагері туралы фильмнің түсірілімі жүріп жатыр
Ақмола облысында ірі әйелдер лагері «АЛЖИР» туралы фильмнің түсірілімі жүріп жатыр. Аталған картинаны отандық режиссер Ануар Райбаев «Қазақстан» телеарнасының тапсырысымен түсіруде.
Түсірілімі барысы Теміртау қаласының маңындағы жазық далада өтуде. қыстың қақаған аязына қарамастан түсірілім тобы күн сайын таңнан кешке дейін жұмыс істейді. Режиссер Ануар Райбаевтың айтуынша, олар жылы павильонда да түсірілуіне болар еді, бірақ онда фильм шынайы шықпас еді.
Уақытша атауы «АЛЖИР» немесе «Қарға жуылған қан» кинолентасы Кеңес Одағы,дағы ең ірі лагерлердің бірінде жазасын өтеген әйелдер жайлы. Сценарист Бақытжан Шарманов сценарийді жазар алдында мұрғат құжаттарымен жіне материалдармен жіті танысқан.
Фильм шынайы шығу үшін кейбір көріністер 1932 жылы НКВД ғимаратының жертөлесінде және Саяси репрессияға ұшыраған құрбандар музейінде түсірілді. Арнайы түсірілім үшін екі ай бойы барактар салынды.

Фото: Алиса ВОЙТАШЕНКО
Басты рөлдердің бірі театр актрисасы Светлана Фортунға бұйырды. Тарихи трагедияда ол отанына сатқындық жасаған адамның әйелі Надежда Макарованы ойнайды. Сондай-ақ түсірілімге Андрей Белавин, Андрей Марычев, Надежда Вебер және басқалар қатысты.
Отандық прокатқа «АЛЖИР» келесі жылдың мамыр айының соңында шығады деп жоспарланып отыр.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін