Рашид Сүлейменов басты рөлді Қайрат Нұртас сомдайтын фильм түсіріп жатыр
Қазақстандық режиссер әрі продюсер Рашид Сүлейменов «Kairat Nurtas production» киностудиясымен бірге «Қалыңдық» атты толықметражды фильмін түсіріп жатыр. Кинематографшы жаңа жобаға қоюшы-режиссер ретінде атсалыспақ. Рашид Сүлейменовтың кино жұмыстарының арасында «Құстар әні», «Сырғалым», «Астана-жүрегім менің» хикаялары бар.
«Қалыңдық» фильмі Арман есімді бойжеткен туралы баяндайды. Кейіпкер мектепте психолог болып жұмыс істейді. Ол сүйіктісімен тыныштыққа толы бақытты отбасылық өмірді аңсайды. Бойжеткен мен оның жас футболшы жігіті екеуі үйлену тойына дайындалып жүреді. Бірақ, төрт жігітпен болған қауіпті кездесуден соң барлық жоспарлары мен армандарының күл-талқаны шығады. Олар Арманның арын таптайды. Енді бойжеткен өмірінің мәні қалмайды, кейіпкерлер тек кек алу мақсатымен өмір сүреді.
Танымал әнші Қайрат Нұртас күйеу жігіттің рөлін сомдайды. Ал қалыңдықтың рөлін ойнайтын актрисаның есімін авторлар әзірге құпия ұстап отыр.
Жобада Рашид Сүлейменовке досы, қоюшы-оператор Матвей Шестаков қоолдау білдірді. Екеуі де бұрын «Үйге қайтар жол» фильмімен жұмыс істеп, «Еуразия» X ХКФ-де көрермендер көзайымы сыйлығына ие болған.
Жаңа отандық драма қазақстандық айналымға 2017 жылдың күз мезгілінде шықпақ. Туындыны16 жастан асқан көрермендердің барлығы көре алатын болады.
Превью: Radiotochka.kz
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін