È

Almaty Film Festival көрсетілімінің кестесі

Almaty Film Festival көрсетілімінің кестесі

15 қыркүйек күні Алматыда алғаш рет Almaty Film Festival халықаралық кинофестивалі өз есігін айқара ашпақ. Көрсетілім президенті - режиссер Ақан Сатаев, бас продюсері - Эрнар Құрмашев. Ұйымдастырушылар шараны Қала күні аясында «Мәдениеттердің жақындасуы» ұранымен өткізбек.

Байқау және байқаудан тыс бағдарламалар фильмдерінің көрсетілімі 15-19 қыркүйек аралығында Cinemax Dostyk Multiplex және Lumièra кинотеатрларында өтеді. Фестивальді режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» драмасы ашады. Алматы кинофестивалін Ақан Сатаевтың «Кәсіпкерлер» картинасы аяқтайды.

«Кәсіпкерлер» фильмінен көрініс
«Кәсіпкерлер» фильмінен көрініс

Фестиваль дирекциясы негізгі байқау қатысушыларын таныстырды. Бас жүлдеге коөндірісте түсірілген 10 кинотаспа таласады: «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» (Қазақстан, Франция), «Дұрыстап тыныс алыңыз» (Исландия, Швеция, Бельгия), «Аверно» (Боливия, Уругвай), «Хрусталь» (Беларусь, Ресей, Германия), «Көкжиек» (Грузия, Швеция), «Омотэнаси» («Тайвань, Жапония»), «Өмірді бейнелей отырып» (Үндістан, АҚШ), «Вулкан» (Украина, Германия), «София» (Франция, Катар) және «Сара мен Салима жайлы есеп» (Палестина, Голландия, Германия, Мехико).

Байқаудан тыс бағдарламада, «City in motion» бөлімінде - 5 фильм, «Отбасылық кино» бөлмінде - 5 таспа, «ЮНЕСКО» - 6 және 5 картина «Арнайы көрсетілім» бөлімінде таныстырылады.

«Айка» фильмінен көрініс
«Айка» фильмінен көрініс

Негізгі байқау жеңімпаздарын халықаралық қазылар алқасы анықтайды, төрағасы – ресейлік режиссер әрі продюсер Сергей Бодров. Сондай-ақ, коллегия құрамында кинопродюсер Гүлнар Сәрсенова, француз продюсерлері Пьер Спенглер және Марк Рускар, неміс актрисасы, «Алтын Глобус» жүлдесінің иегері Настасья Кински бар.

Almaty Film Festival-дің толық көрсетілім кестесін мына жерден көруге болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса