È

Рейхстагқа тігілген ту туралы фильм

Рейхстагқа тігілген ту туралы фильм

Біздің отандастарымыз британдық кинемотографтармен бірлесіп 1945 жылы Рейхстагқа шабуыл жасаған ҚазССР батырлары туралы кинолента жасамақ. Бастамашы Дәурен Төлеуханов, ол Suberb Films Corporation кинокомпаниясының негізін қалаушылардың бірі. Жобаның уақытша атауы «Флаги над Берлином».

Фильмнің басты батыры Рақымжан Қошқарбаев және қатардағы жауынгер Григорий Булатов. Олар 1945 жылы сәуір айында Рейхстагты шабуылдау кезінде қызыл белгіге ие болды. Алайда жетекші партияның шешімімен батыр атағын КСРО туын кейінірек тіккен Мелитон Кантария мен сержант Михаил Егоров алды. Фильмде соғыс кезіндегі ақтаңдақтар мен Иосиф Сталиннің, Уинстон Черчиллдың, маршал Георгий Жуковтың, ұлтшыл Отто Скорценидің бетбейнелері ашылады. Фильм авторларының айтуынша, әр кейіпкердің өзінің құпия тапсырмасы бар, фильм сонысымен қызық дейді.

Бүгінде британдық сценаристермен бірге Зарина Қадылбек жұмыс істеуде. Ол Саутгемптонск университетінің кинемотография және сценаристика факультетінің түлегі. Промо-трейлерді жасау Лондондағы өнер университетінің студенті Лаура Базарбаеваға тапсырылды. Сценаристер негізгі сюжтеттерін жазып бітірді. Қазір кинолентаның ағылшын тіліндегі қорытынды нұсқасымен айналысуда.

Картинаның бюджеті 10-10 миллион доллар. Идея авторы Дәурен Төлеухановтың айтуынша, фильмді әзірге ешкім қаржыландырған жоқ. Продюсерлік жағынан Төлеухановқа британдық серіктесі Картин Волвин көмектесуде. Жақын аралықта промо-ролик шығады.

Авторлардың айтуынша, бұл әлемдік жоба болмақ. Фильмге ресейлік, украиналық және неміс кино қайраткерлері қызығушылық танытып отырған көрінеді.

Әйгерім Қасқыр

Аударған Айнұр Сенбаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер