È

Эмир Байғазиннің «Өзен» картинасы Португалиядағы кинофестивальде үздік фильм атанды

Эмир Байғазиннің «Өзен» картинасы Португалиядағы кинофестивальде үздік фильм атанды

Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмі Халықаралық LEFFEST кинофестивалінде үздік фильм атанды, шара Португалияның қос қаласы – Синтра мен Лиссабонда өтті.

LEFFEST байқау бағдарламасы үш жүлдеден ғана тұрады - «Үздік фильм», «Қазылар алқасының үлкен сыйлығы» (ерекше көркемдік көзқарас үшін) және «Арнайы жүлде».

Байқау жұмыстарын режиссерлар Уолтер Салис пен Джонатан Литтел, әнші әрі актриса Криста Белл, аргентиндік пианиношы Марта Аргерих, дирижер Ситвен Ковачевич және суретші Джордж Куэрос бағалады.

Марта Аргерих Эмирдің «Өзенін» арбауға, ұлылыққа және гуманизмге толы фильм ретінде қарастырды. «Бұл алғашқы кадрларынан-ақ бізді таң қалдырған бірегей фильм», - деп қоса кетті ол.

«Өзен» фильмінен көрініс
«Өзен» фильмінен көрініс

Режиссердің өзі марапаттау салтанатына қатыса алмады, бірақ бейнежазба арқылы алғысын білдірді.

«Бұл мен үшін және табысқа жету жолында аянбай тер төккен тобым үшін үлкен құрмет. Мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне және серіктестеріме алғыс айтқым келеді. Тағы да рахмет, мен өте бақыттымын», - деді Байғазин.

Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін отандық режиссер Дәрежан Өмірбаев жүлдеге ие болды, шара барысында жақында оның ретроспективасы болған еді.

Айта кетсек, бұл - Эмир Байғазиннің осы фестивальде алған екінші жүлдесі. 2013 жылы «Үйлесім сабақтары» Қазылар алқасының үлкен сыйлығына ие болған еді.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер