Ермек Тұрсыновтың ретроспективасы
30 қыркүйектен 4 қазанға дейін «Цезарь» кинотеатрының залдарында Ермек Тұрсыновтың фильмдері көрсетіледі. Алғаш рет ретроспектива интерактивті киноклуб форматында өткізіледі. Бағдарламаға кинемотографистің 5 жұмысы енген.
«Келiн» (2009) - қазақстандық алғашқы үнсіз кино. Картинада келіннің трагедиялық тағдыры жайлы.
Көрсетілім уақыты: 30 қыркүйек, 19.00.
«Шал» (2012) - картина Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісі бойынша түсірілген. Басты кейіпкер - шал, ол қойдв өріске айдап бара жатып адасып қалады. Адасып, жол табамын деп жүріп ол қасықырлардың үйіріне тап болады.
Көрсетілім уақыты: 1 қазан, 15.00.

Ермек Тұрсынов
«Кенже» (2015) - бұл ата-анасы бақилық болған екі ағафынды жігіттің арасындағы кикілжің жайлы оқиға. Балалар үйінде тәрбиеленген екі жігіт жақсы өмірді армандайды. Осы армандарына жету үшін олардың бірі туысқандық дәстүрден аттау керек болады.
Көрсетілім уақыты: 2 қазан, 15.00.
«Кемпiр» (2014) - фильмдегі оқиға шалғай жатқан қазақ ауылында болған. Сол жерде Күлпаш атты кемпір мен оның шалы Қайырғали өмір сүреді. Фильм комедия жанрында түсірілген, кейіпкерлердің басынан өткен қызықты жағдай, тағдырдың тосынсыйлары жайлы.
Көрсетілім уақыты: 3 қазан, 19.00.
«Жат» (2015) - Ильяс есімді ер адамның басынан өткен оқиғаның негізінде түсірілген. 1930-ыншы жылдары Ильяс ауылдан тауға кетіп қалады да, жалғыз-жарым күн кешеді. Алайда ауылдастары оның бұл әрекетін түсінбейді. Жалғыз адамның көппен күрсеінің соңы не болмақ? Картина «Оскар» жүлдесіне ұсынылған.
Көрсетілім уақыты: 4 қазан 19.00.

«Келiн» фильмінен кадр
Фильмдердің көрсетілімінен кейін картиналардың авторы Ермек Тұрсыновпен кездесу болады. Кездесу барысында фильмдер талқыланып, көрерменді қызықтыратын сауалдарға режиссер жауап береді.
Фильмдердің трансляциясы кадрдан тыс орыс тіліне аударылады. «Кемпiр» лентасы қазақ тілінде жүреді. Кіру ақылы. Билет бағасы - 1200 теңге. VIP-билет - 2000 теңге.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін