È

Дәрежан Өмірбаев фильмдерінің ретроспективасы Португалияда таныстырылды

Дәрежан Өмірбаев фильмдерінің ретроспективасы Португалияда таныстырылды

Отандық режиссер Дәрежан Өмірбаевтің ретроспективасы Португалияның Лиссабон қаласындағы XII Халықаралық Lisbon & Sintra Film Festival кинофестивалінде өтіп жатыр.

Ретроспективаның ұйымдастырушысы «Қазақфильм» киностудиясының атсалысуымен продюсер Юлия Ким болды. Қоюшының картиналарын фестивальге арнап, ҚР Ұлттық сандық киноколлекциясы цифрлады.

Продюсердің айтуынша, португальдық аудитория «Шілде», «Қайрат» фильмдерін тамашалап, жоғары бағалап үлгерді және қазақстандық режиссерге еңбегі үшін алғыс білдірді.

«Студент» фильмінен көрініс
«Студент» фильмінен көрініс

Сондай-ақ, ретроспектива бағдарламасына «Кардиограмма», «Қанішер», «Жол», «Шұға» және «Студент» қосылды.

Сонымен қатар, фестивальде британдық режиссер Майк Лидің, американдық қоюшы Пол Шредердің, бразилиялық режиссер Вальтер Саллестің және итальяндық режиссер Марио Мартоненің жұмыстары таныстырылды.

Еске сала кетсек, Дәрежан Өмірбаевтің «Студент» фильмі 2012 жылы Lisbon & Sintra Film Festival-де көрсетіліп, қазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталған.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Камилла Ермекова

Актриса

Санұржан Сүлейменов

Актер