È

Режиссер Ален Ниязбеков: «Таиландтағы демалыс» - достық жайлы фильм»

Режиссер Ален Ниязбеков: «Таиландтағы демалыс» - достық жайлы фильм»

Алматыда «Таиландтағы демалыс» отандық комедиясының тұсаукесері болып өтті. Фильмді жас режиссер Ален Ниязбеков («Питерден келген оралман») және продюсер Нұрлан Қоянбаев («Қазақша кәсіп Америкада») ұсынды.

«Таиландтағы демалыс» - достық жайлы фильм. Картинамыз арқылы берік достық пен адамгершіліктің әрдайым бірінші орында болу қажеттілігін көрсеткіміз келді. Түсірілім Таиландта, Ко Мак аралында өтті. Түсірілім 20 күндей түсірілді. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты түсірілім тобы тығырықтан шығар жолдарды қарастырды. Бір кездері барлығы «фильмді ойдағыдай шығара алмайтын шығармыз» деп ойлады. Дегенмен, нәтижесінде өз ойымызды жүзеге асырдық. Сондықтан, жас режиссерларға тәуекелге барудан қорықпаңдар дегім келеді», - деді Ален Ниязбеков.

Фильмдегі оқиға студенттік жатақханада өрбиді. Тарих пәнінің оқытушысы Асқат ағай қысқы демалыста қалада қалып қойған екі студентті кешкі асқа шақырады. Асқат аға дастархан басында жігіттерге ішуді ұсынады, ал балалар көшедегі бақсының оқытқан суын ішіп отыр екен. Әрі қарай түсініксіз жағдайлар басталады. Мысалы, кейіпкерлер кездейсоқ Таиландтан бір-ақ шығады.

Кадр из фильма «Каникулы в Тайланде»

«Фильмде мен жағымсыз кейіпкер – сирек кездесетін ессізді сомдаймын. Бар құпияны аша алмаймын, дегенмен отандық кинода мұндай әлі болмаған. Көрермендер жәй ғана таң қалып қоймай, ерекше таңдана түседі!», - деп бөлісті Жан Байжанбаев.

Таиландқа тап болған үштікті Нұрлан Қоянбаев, Қуаныш Жылжақсынов және Дидар Жексеков сомдады. Сондай-ақ, картинаға Жанел Мақажан, Газрет Ержанов, Мәдина мен Медина Тәліпбек және Диора Романова түсті.

«Таиландтағы демалыс» шытырман оқиғалы комедиясын отандастарымыз 14 ақпаннан бастап тамашалап, өз бағаларын бере алады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

17 февраля 2018, 02:03

Как ни крути дружба дружбой, а приколы нужны. Тем более, что там Қуаныш играет. Удачи брат.

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса