È

«Қазақша кәсіптің» режиссері Жеңісхан Момышев жаңа фильм түсірмек

«Қазақша кәсіптің» режиссері Жеңісхан Момышев жаңа фильм түсірмек

«Қазақша кәсіп» және «Қазақша кәсіп Америкада» кассалық фильмдерінің режиссері Жеңісхан Момышев жаңа кинокартина түсірмек. Қоюшы алдағы жобаға аса зор жауапкершілікпен қарады: JM cinema кинокомпаниясының негізін қалады, сценарий құруға атсалысты және фильм продюсерлеуді өз қолына алды.

Жеңісхан Момышевтың жаңа фильмі «Көп балалы» деген жұмыс атауына ие болды. Таспа жағдайға байланысты қарттар үйіне жұмысқа орналасқан ауқатты адамның ұлы жайлы баяндайды. Кейіпкер тұрғындардың өмірін бақылап, әрқайсысының оқиғасына қанық болады. Азамат күн сайын қарттарға көмектесіп жүріп, өзінің де жақсы жаққа қарай өзгергенін байқамай қалады.

Фильм сценарийін режиссер Әлішер Утевпен бірге жазды. Авторлар көрермендерді адалдық, адамгершілік қасиеттер мен сенім туралы кинотаспа күтетінін айтады.

Қазіргі таңда Жеңісхан түсірілім тобын жинап жатыр, ал жақын арада оның компаниясы кастинг өткізбек. Жалпы, режиссер отандық кинематографта жаңа бейнелерді ашуға ниетті.

Кастинг пен түсірілім барысы жайлы толығырақ жуық арада белгілі болмақ. Жоба жаңалықтарын «Бродвей» арқылы бақылай аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Аян Өтепберген

Актер