È

Америкадағы режиссер Қазақстанда кино түсіріп жатыр

Америкадағы режиссер Қазақстанда кино түсіріп жатыр

Америкадағы режиссер әрі продюсер Еркен Ялгашев жаңа кино түсіру мақсатымен Қазақстанға келді. Қоюшы «Сұлу жігіт» атты қылмыстық хикаяның түсіріліміне кірісті. Ялгашевтің айтуынша, картинаның 75%-ы Алматыда, қалғаны Лос-Анджелес пен Мәскеуде түсірілмек.

«Сұлу жігіт» - экшн элементтері бар қылмыстық драма. Картинада махаббат үштігі болады. Фильм Алматыдағы қызықты оқиғалар туралы болмақ. Көрермендерге қаланың күйбең тіршілігі көрсетіледі»,-дейді режиссер өз жобасы жайында.

Картинадағы басты кейіпкерлерді отандық актерлар сомдайды. Екінші қатардағы рөлдерде және эпизодтарда батыс пен ресейлік киножұлдыздар төбе көрсетеді.

Еске сала кетсек, Еркен Ялгашев – біздің отандасымыз, Шымкент қаласының тумасы. 1994 жылдан бері штатта тұрады, кино түсірумен айналысып жүр. Режиссер, продюсер әрі актер Майкл Мэдсон, Марк Дакаскос, Дэнни Трехо, Арманда Ассанте, Кэри-Хироюки Тагава сынды жұлдыздардың қатысуымен бірнеше жобалар түсірген.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер