È

Режиссер Жаннат Алшанова Berlinale Talents бағдарламасына қатысады

Режиссер Жаннат Алшанова Berlinale Talents бағдарламасына қатысады

Режиссер Жаннат Алшанова 69-шы Берлинале халықаралық кинофестивалі аясында өтетін Berlinale Talents бағдарламасына қатысады.

Berlinale Talents – жас дарындарды қолдауға арналған арнайы бағдарлама. Бағдарламада әлемнің әр түрлі елінен келген кинематографистер өз қабілетін дамытуға, сондай-ақ кино саласындағы білгір мамандармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

Әлемнің 130 елінен келген 3400 үміткердің арасынан тек 252 қатысушы атанды. Қатысушылардың қатарында Қазақстандық режиссер Жаннат Алшанова да табылды.

Берлинале халықаралық кинофестивалі 1951 жылдан бері Берлин қаласында өткізіліп келеді. Биылғы іс - шара 7-17 ақпан аралығында өтеді.

Еске сала кетсек, Жаннат Алшанованың қысқаметрлі "Маусым соңы" фильмі 71-ші Канн кинофестивалінің Cinefondation бағдарламасында ұсынылып, 3- ші Baikonyr Short Film Festival кинофестивалін ашты.

Жанеля Дүйсенбайқызы

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер