È

Роза Рымбаева «Келинка тоже человек» фильміне саундтрек жазды

Роза Рымбаева «Келинка тоже человек» фильміне саундтрек жазды

Отандық эстрада әншісі Роза Рымбаева «Келинка тоже человек» фильмінің саундтрегін орындады. «Жарасты жанұя» компазициясы әншнің кинолентаға жазған алғашқы әні. Музыка авторы музыкант әрі әнші Әли Оқапов.

«Мен әлі өз өзіме келе алар емеспін. Теңдесі жоқ әнші Роза Рымбаева біздің отбаслық комедиямыздың саундтрегін орындайды. Ән өте керемет шықты. Әннің өзі де Роза қуанышқызы секілді әдемі, әсерлі. Мен өзімді сондай бақытты сезінемін», - деп Әсел Сәдуақасова өзінің Инстаграм парақшасына эмоцияларымен бөлісті.

«Келинка тоже человек» комедиясы - бір отбасындағы ене мен келіннің тіл табыса алмауы туралы оқиға.Кейіпкерлердің арасындағы ұзаққа созылған кикілжің екеуі үшін де оңай болмайды.

Фильмде көрермендер Әсель Сәдуақасованы, Данагүл Темірсұлтанованы, Әбунасыр Серіковты, Данияр Алшиновты және Әмина Малғаждарды көре алады.

Режиссерлық тақ Асқар Ұзабаевқа бұйырды, бұл оның бесінші толықметражды фильмі. Қосалқы продюсері Әсел Сәдуақасова, оның қоржынында «Адель» және «Замуж в 30» картиналары бар.

Желіде лентаның ресми трейлер пайда болды. Прокатқа комедия 23 ақпанда шығады.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Виталий

26 января 2017, 16:05

Примадонна.

Аблайский

30 января 2017, 12:51

Мадонна и Примадонна - это как Город и Пригород. Плохое сравнение)))

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер