È

1-5 мамыр аралығында Алматыда «Jager Music Film Festival» кинофестивалі өтеді

1-5 мамыр аралығында Алматыда «Jager Music Film Festival» кинофестивалі өтеді. Қазақстан киносы

Көп күттірген мамыр айы мерекелер мен мәдени шараларға толы болмақ. Алматы қаласының тұрғындарына арналған арнайы шаралардың бірі - «Jager Music Film Festival» музыкалық деректі кинофестивалі. Ол «Chaplin Мega Park» кинотеатрында 1-5 мамыр аралығында өтеді.

Бес күннің ішінде фестиваль қатысушыларына барлығы 9 толықметражды картиналар мен танымал музыкалық топтардың концерті жазылған бейнероликтер көрсетіледі. Jager Music Film Festival бағдарламасына шетелдік фильмдерден бөлек, қазақстандық режиссер Юлия Тихонованың «Сохраняя Наследие джаза. Гарлем Блюз и Джаз Бэнд» картинасы кірген. Туынды "The Harlem Blues & Jazz Band» музыкалық тобы мен оның негізін қалаған Доктор Альберт Воллмер туралы баяндайды.

Қазақстан көрермендеріне алғаш рет 3D форматында әлемдегі ең ірі «Wacken» рок-фестиваліне арналған «Рок Апокалипсис» фильм-концерті ұсынылады. Таспаны 2014 жылы режиссер Норберт Хайтер түсіріп, жарыққа шығарған. Фильмде Anthrax, Motorhead, Rammstein, Annihilator, Alice cooper орындаушылары мен топтары көрсетілген.

1993 жылы құрылған әйгілі «Daft Punk» француз электронды дуэті туралы «Daft Punk Unchained» картинасы айтып береді. Фильмді 2015 жылы қоюшы режиссер Эрве Мартин-Дельпьерр түсірген. Сюжетте топтың құрылуы, музыканттардың сәтсіздіктері баяндалады және дуэтпен 20 жыл бірге жұмыс істеген адамдардың сұхбаттары көрсетілген.

«Приготовьтесь, будет громко» фильмі – электрогитараның рөлі мен музыка тарихын айтып беретін американдық режиссер Дэвис Гуггенхаймның жұмысы. Картинада Эджа (U2), Джимми Пэйджа (Led Zeppelin) және Джека Уайта (The White Stripes) секілді танымал рок-музыканттар өз пікірлерімен бөліседі.

Джаз әншісі Эми Уйанхаус шығармашылығының жанкүйерлеріне арнап «Эми» фильмі көрсетіледі. Биографиялық таспа көрермендерді 2011 жылы қайтыс болған танымал әншінің өмірі және шығармашылығымен жақынырақ таныстырады. Фильм үздік толықметражды деректі фильм үшін «Оскар» жүлдесімен марапатталған.

Музыкадағы хип-хоп бағытының пайда болуы туралы «На стиле» фильмі баяндайды. Картина АҚШ пен Францияның біріккен жобасы, 2015 жылы режиссер Саша Дженкинс түсірген. Кинотаспа архивті бейне жіне аудио жазбалармен, танымал орындаушылар мен дизайнерлердің сұхбаттарымен әрленген.

Әлемдік деңгейдегі танымал «Queen Rock» тобын және олардың әндерін көрермендер «Queen Rock In Montreal» фильмінен тамашалай алады. Картина топтың Монреалда өткен концертінің жалғыз данадағы толық нұсқасын көрсетеді. Жанкүйерлер көрсетілімнен жақсы әсер алу үшін бейнежазба Ultra HD форматында цифрленді.

Сондай-ақ, фестиваль бағдарламасының аясында «Переверни пластинку» және «Костры и звезды» атты екі ресейлік деректі фильмдері таныстырылады. Бірінші туынды Ресейдегі винил тарихы туралы, картина винилдің жанкүйерлеріне, винилда ойнайтын заманауи диджейлерге арналған. Фильм режиссерлері - Роман Навескин және Степан Поливанов.

«Костры и звезды» таспасы - электронды музыкант Федор Переверзевтің және «Ored Recordings» лэйблінің негізін қалаушы Болат Халиловтың Кабардино-Балкария мен Адыгей жерлеріне жасаған саяхаты туралы. Шабыт іздеген қос музыкант черкес музыкасы әлемінің тұңғиығына батады.

Jager Music Film Festival-ге қатысу үшін билеттер сатып алу қажет.

http://www.musicfilm.kz/ сайтынан билеттерге тапсырыс беруге, толық кестені білуге болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер