Астана күні мерекесімен!
Астанада Елорда күнін тойлау аясында «Ат жалында» деп аталатын шоу өтіп жатыр. «Хан Шатыр» сауда орталығының жанындағы алаңда үлкен этноауыл жасалған, онда «Nomad stunts» каскадерлер тобы тұрады, деп хабарлады Kazpravda.kz.
Күн сайын команда атпен каскадерлық шоу көрсетеді, оған көкпар, қыз қуу, садақ ату, жебе алу аударыспақ секілді ұлттық ойындар да енген. Фестивальдың бағдарламасы бойынша олар күндіз және кешке 15-20 минут өнер көрсетеді. Алайда топ жетекшісі Нұрлан Алтаевтың айтуынша, әр нөмірдің ұзақтығы аудиторияға байланысты, көрермен көп болған сайын шоу да қызықтырақ, ұзағырақ болады.
Астанадағы жиі-жиі жауған жауынға қарамастан «Nomad stunts» көрерменді таңғалдырудан, қызықтырудан жалығар емес.

Экстремал актерлер елорданың тұрғындары мен қонақтарын бірінші жыл қуантып отырған жоқ. 2010 жылдан бері жігіттер Астана күні мерекесін тойлауға тұрақты түрде келіп тұрады. Осы уақыт аралығында номадтықтар ат үстіндегі небір трюктерді, ондаған ұлттық ойындарды, тарихи айқастарды, тіпті жігіттердің төбелесін де көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, «Nomad stunts team» - «Көшпенділер», «Сұлтан Бейбарыс», «Жау Жүрек Мың бала» секілді тарихи картиналарда және шетелдік «Неудержимые-2», «Марко Поло», «Ертұғрұл» және басқа да картиналарда ат үстінде небір трюктерді орындаған қазақстандық экстримал актерлер.
Әйгерім Қасқыр






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін