È

Саламат Мұхаммед-Әли «Елестер қаласы» фильмін түсірмек

Саламат Мұхаммед-Әли «Елестер қаласы» фильмін түсірмек

Саламат Мұхаммед-Әли және Питер Жмутский режиссер ретінде жаңа қазақ-американдық жобаның жұмысына кірісіп кетті. Жобаның бас продюсері - «Кіндік әке» трилогиясының авторы Грэй Фредериксон.

Таспа сюжеті шынайы оқиғаларға негізделген. Оклахома штатында ылғи дауыл болып түрады. Сондай күндердің бірінде сегіз жас балалар торнадоны аңдып жүріп, белгісіз елестер қаласына тап болады. Енді олар сол жақтан шығар жолды табуға тырысады.

«Елестер қаласы» киножобасының таныстырылымы/ kipyat.com
«Елестер қаласы» киножобасының таныстырылымы/ kipyat.com

Сондай-ақ, фильм Crowdsale Network краудфандингті платформасының қолдауымен криптовалюта есебінен қаржыландырылады.

«Фильм идеясы сананы сілкіндірмек. Біз сюжетті айтып берген адамның барлығы таң қалып жатыр. Жұмысымыз бүкіл әлемді бағындырады деп сенеміз. Оның үстіне түсірілім тобымыз да мықты», - деді платформаның негізін қалаушы Ерлан Думанұлы.

Картина авторларының айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін оларға Қазақстан тарапынан 100 биткоин тарту қажет екен. Сайттағы https://bit.do/cinemateam өтінішті толтырып, инвестор атануға болады.

Саламат Мұхаммед-Әли/ kipyat.com
Саламат Мұхаммед-Әли/ kipyat.com

Таспа идеясын Мұрат Бисенбин қолдап, Инстаграмға пікір жазды:

«Елестер қаласы» - қызықты жоба. Бұл картина криптовалюта есебінен түсірілетін бірінші жағдай шығар. Өзім де осы фильмге қатысамын деп үміттенемін».

Еске салсақ, алдыңғы жолы режиссер Саламат Мұхаммед-Әли «Бүкіл әлем табанымыздың астында» фильміне режиссерлік еткен болатын. Таспа былтырғы жылдың көктемінде америкалық айналымға шықты. Картинаға Қарлығаш Мұхамеджанова, Мұрат Бисенбин, Арманд Ассанте, Питер О`Тула, Кэри-Хироюки Тагава, Боло Йен түсті.

 

Превью: kipyat.com

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер