È

Санжар Мәди: «Бұл рөл мені өзі тапты»

Санжар Мәди: «Бұл рөл мені өзі тапты»

Алматыда Вера Глаголева түсірген «Бөтен емес» фильмінің тұсаукесерлі көрсетілімі өтті. Картинадағы басты ер адам рөлін отандық актер Санжар Мәди сомдады.

Сюжеттегі оқиға Ресейдің ауылында өтеді. Мәскеуден келген Мила Галяның күйеуіне бір көргеннен ғашық болып қалады, содан кейін әпкелі-сіңлілер арасында алауыздық басталады. Галяның бірінші некесінен екі баласы бар, ал Мила жеке өмірінде мәселелері бар бойжеткен. Олар Русланның кіммен қалатынын шешулері тиіс.

«Бөтен емес» фильмінен көрініс
«Бөтен емес» фильмінен көрініс

Екі аптаға созылған фильмнің түсірілімі Тул облысындағы Алексин атты кішігірім қалада (Ресей) және Қазақстанда өткен.

Санжардан бөлек, таспаға РФ Халық әртісі Татьяна Владимирова, театр және кино актрисасы Лилия Волкова мен Анна Капалева түсті.

Қазақстандық жігітке туғандарынан айырылған жұмбақ азаматтың рөлі бұйырды.

«Бұл образға 40-50 жастағы ер адамды іздеген. Бір кезде актриса Карина Андоленко режиссерға мені ұсынған, содан кейін маған хабарласып, осы рөлді берді. Рустам екеуіміздің ұқсастықтарымыз баршылық. Жол апатынан мен жақын адамдарымнан айырылған едім, Вера кейіпкерім жайлы айтқан кезде, бұл хикаяның мен туралы екенін түсіндім. Бұл рөл мені өзі тапты десем де болады», - деді Санжар Мәди.

«Бөтен емес» фильмінен көрініс
«Бөтен емес» фильмінен көрініс

Актердің айтуынша, режиссер жұмысына аса қатты жауапкершілікпен қараған, өзінің қалаған нәтижесіне қол жеткізбегенше, 40 дубль түсіре беретін еді.

Еске салсақ, «Бөтен емес» Глаголеваның соңғы фильмі болып табылады. Ол 2017 жылы ұзақ науқастан көз жұмды, тіпті фильмін де аяқтай алмай кетті. Картинаны өзінің түсірілім тобы соңына дейін жеткізді.

«Бөтен емес» отандық айналымға биылғы 15 қарашадан бастап шықты.

 

Превью: «Бөтен емес» фильмінен көрініс

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер