È

Санжар Мәди «Естелік сурет» ресейлік фильміне түсіп жатыр

Санжар Мәди «Естелік сурет» ресейлік фильміне түсіп жатыр

Актер Санжар Мәди Ресейде танымал бола түсуде. Вера Глаголеваның «Саз шұңқыр» драмасына түскеннен кейін бірнеше айдан соң отандасымыз қайтадан «Естелік сурет» ресейлік хоррор-триллеріне атсалыса бастады.

«Естелік сурет» фильмі – қоюшы-оператор Антон Зенковичтің режиссерлік дебюті. Ол «Қарға ханым: Қара рәсім» және «Аяз ата. Сиқыршылар шайқасы» картиналарымен бірге жұмыс істеген.

«Картина кеңестік туынды «Секунд» фотоаппараты туралы баяндайды, ол түсірген дүниенің болашағын бұрмалайтын қасиетке ие. Кейіпкерім - фотограф, ол бір-бірін танымайтын жастар тобымен бірге сауық кешіне барады. Фильмде тылсым дүниенің элементтері бар, алайда кейіпкерлердің қарым-қатынасы ең басты әрі қызықты хикая болмақ. Бұл мен үшін хоррордағы алғашқы тәжірибе»,-деп бөлісті Санжар Мәди.

«Естелік сурет» фильмінің түсірілімінен сурет

Отандасымыз фильмде Ирина Темичевамен («Қалайда тұрмысқа шығу керек») және Степан Юрпаловпен («Еркектер туралы бар шындық») бірге ойнайды. Түсірілім Мәскеу облысында өтіп жатыр.

Картина продюсерлері - Сарик Андреасян, Гевонд Андреасян және Армен Ананикян. Сценарий авторы - Виктор Бондарюк.

Еске сала кетсек, Санжар үшін «Естелік сурет» - ресейлік төртінші жоба. Актер бұрын «Алтын Орда» хикаясына, «Қорғаушылар» кинофантастикасына және «Саз шұңқыр» драмасына түскен болатын.

 

Превью: filmm.ru

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

10 желтоқсан 2017, 01:58

Думаю Санжар хочет духовно подняться.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер