È

Санжар Мәди «Бөлінбейтін» фильмінің саундтрегіне бейнебаян түсірді

Санжар Мәди «Бөлінбейтін» фильмінің саундтрегіне бейнебаян түсірді

Санжар Мәди режиссурадағы тәжірибесін шыңдай түсуде. Жақында актер «Бөлінбейтін» фильмінің саундтрегіне бейнебаян түсірді. Картинаның басты музыкалық шығармасы - «Атақтылар» әні.

«Көрермендер бейнебаяннан Эрик Солоны (кезінде танымал радиожүргізуші болған Даниярбек Төребеков – ред.) және әнші Маржан Арапбаеваны көре алады. Сюжеттің барлығын айтпай-ақ қояйын, тек тылсым әлемді, фантастика мен триллерді жақсы көретін адам ретінде, кейіпкердің жекелеген күйзелісін, ішкі толғанысын көрсетуді жөн санадым»,-деді Санжар.

«Атақтылар» бейнебаянының түсірілімінен сурет

Фото: Руслан Тағаев

Бейнебаян түсірілімі Алматыда өтті. Түсірілімге қоюшы-оператор Айдар Оспанов атсалысты.

Еске салсақ, «Бөлінбейтін» - кейіпкерлері қауіпті ойынға кіріп кететін қылмыстық комедия. Барлығы өмірлерін өзгертетін ақшаға кіріптар болады. Фильм Олжас Ахметовтың дебютті жұмысы болып табылады, тұсауы 14 желтоқсанда кесілмек.

Көрермендер музыкалық бейнебаянды жақын арада бағалайтын болады.

 

Превью: Руслан Тағаев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер