È

«Бөлінбейтін» қылмыстық комедиясының трейлері

«Бөлінбейтін» қылмыстық комедиясының трейлері

Желіге «Бөлінбейтін» қылмыстық комедиясының ресми трейлері жүктелді. Картина режиссер Олжас Ахметовтың дебютті толықметражды жобасы болып табылады. Таспа отандық айналымға 14 желтоқсанда шығады.

Картина комедия мен драма элементтері бар қылмыстық жанрда түсірілген.

«Бөлінбейтін» фильміндегі оқиға жол бойындағы дәмханада орын алады. Сюжетте ақша үшін былыққа батқан адамдар тобы көрсетіледі. Кейіпкердің әрқайсысы өзіне тиесілі дүниені иемденуге тарысады.

«Бөлінбейтін» фильмінен көрініс

Көрермендер кинотаспадан Берік Айтжанов, Әзиз Бейшеналиев, Шыңғыс Қапин, Ерден Телемісов және Нұржан Садыбеков сынды актерларды ерекше образда көретін болады.

Олжас Ахметовтың айтуынша, актерлар арасында кастинг жүргізілген жоқ. Авторлар жобаға кімнің қатысатынын әу бастан-ақ білген. Алдымен Әзиз Бейшеналиев пен Ерден Телемісов шақырылған. Қоюшысы сценарийін Дарын Тоқтаровпен бірге жазған.

«Бөлінбейтін» фильмінің түсірілімі осы жазда Алматы облысында өткен.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлепберген Байсақалов

Актер

Іңкәр Әбдіраш

Актриса