È

«Бөлінбейтін» қылмыстық комедиясының шығу күні белгіленді

«Бөлінбейтін» қылмыстық комедиясының шығу күні белгіленді

14 желтоқсан күні отандық айналымға «Бөлінбейтін» қылмыстық комедиясы шығады. Авторлар фильм шығуының алдында постерлерді таныстырды.

«Бөлінбейтін» кинотаспасы - режиссер Олжас Ахметовтың («№6 пәтер» қысқа метрі) дебютті толықметражды жұмысы. Картинадағы негізгі оқиға жол үстіндегі дәмханада болады. Мекемедегі адамдарды байланыстыратын бір ғана нәрсе бар, ол – ақша. Режиссердің айтуынша, фильм идеясы былтырғы жылдың қыс мезгілінде туындаған.

Кинотаспа шілдеден тамызға дейін Алматыда түсірілген. Қылмыстық хикаяны түсіруге екінші режиссер Салтанат Бақыт, қоюшы-оператор Руслан Тагаев және жарық бойынша суретші Виталий Кистанов үлес қосты. Сценарийін Дарын Тоқтар жазды.

Отандық кино көрермендерді ерекше сюжетімен ғана емес, актерлік құрамымен де таң қалдырмақ. Көрермендер картинадан Берік Айтжанов, Әзиз Бейшеналиев, Асан Мәжит, Шыңғыс Қапин, Ерден Телемісов, Нұржан Садыбеков, Ербол Семқұлов және Жібек Жаппасбаева сынды актерларды көре алады.

Актер Әзиз Бейшеналиевтің айтуынша, Қазақстанда мұндай таспа бұрын-соңды түсірілмеген.

«Бөлінбейтін» фильмінің трейлері жақын арада шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер